Карантин күшеюі мүмкін

  • 27.05.2020
  • Malim Админ

Карантиндік шаралар босаңсығалы бері коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Сондықтан алдағы уақытта карантиндік шектеулер қайтадан күшеюі мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ айтты.

"Егер ауру деңгейі өссе, әрине, карантиндік шараларды қатайту және қосымша санкциялар енгізу қажет. Мен мұны қаламаймын, сондықтан жұмыс орындарында, қоғамдық көліктерде және жеке гигиена ережелерін сақтау өте маңызды. Жұмыс орындарында 50 пайызға дейін қашықтан, интернет арқылы істегені дұрыс», - деді Біртанов онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, карантиндік шектеулер күшеймесе тоқтамайтын сияқты. Ол қазіргі уақытта науқастарды тауып, изоляцияға жіберіп жатқандарын айтты.

- Біз арнайы орындарда, үлкен коллективтерде, әлеуметтік ұйымдарға барып, тексеру өткізіп, біраз науқастарды тауып, изоляцияға жіберіп жатырмыз. Бізден азаматтар сұрап жатады, менде ешқандай аурудың белгілері жоқ, неге ауруханаға жатқызып жатырсыздар деп. Бұл өте маңызды, өйткені, көптеген науқастар симптомсыз тіркеліп жатыр. Ол сезінбегенмен, өзгелерге жұқтыруы мүмкін, - дейді.

Оның айтуынша, қазіргі тіркелген науқастардың 85 пайызының жағдайы жақсы, яғни, негізінен симптомсыз науқастар.

Қазіргі жағдайда ең қатерлі болып отырған, жұмыс режимі қашықтықтан істеуге келмейтін кәсіпорындардан шығып жатыр. Айталық, Теңіз кенішінде (Атырау облысында ) – 1063; Қарағанды облысында – 358; "ПетроҚазақстан" ұйымында (Шымкент)- 2019; елорда мен Түркістан қалаларында құрылыс кәсіпорындарында 80-нен астам; Алматы және Жамбыл облыстарындағы әскери ұйымдарда науқас тіркелген.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 9304 адам вирус жұқтырып, оның 4613-і аурудан айыққан. 37 адам қайтыс болған. Министрдің сөзінше қазір коронавирус жұқтырған 19 адам жасанды тыныс алу аппаратына жалғанған. 13 пайызының жағдайы – орташа, 1,5 пайызының жағдайы – ауыр.

Айта кетерлігі, онлайн брифингке шықты деген аты болмаса, Біртанов әлеуметтік желі арқылы қойылған жұртшылықтың сұрақтарына жауап берген жоқ. Тек, өзі дайындап әкелген баяндамасын оқып беріп, 2 метр арақашықтық сақтау деген сияқты жұрттың құлағы үйренген кеңестерін айтып, брифингті аяқтады.

Байланысты жаналықтар

Атамбаевтың шығуына байланысты халық екі ойлы

06.10.2020

Карантин ұзартылды. 42 500 теңге төлене ме?

30.07.2020

«Хан қызы» берген «скорыйлар» қар астында тұр

03.12.2020

Бір айда үш облыста үшемдер дүниеге келді

30.03.2020

Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

16.11.2020

Қайтыс болған дәрігерлердің отбасы Тоқаев айтқан 10 миллионды алған жоқ

16.07.2020