Дулат Ағаділдің қазасына қатысты іс тоқтатылды

Malim Админ

  • 28.05.2020

Бас қаланың уақытша қамау абақтысында қаза тапқан белсенді Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы хабарлады.

"Ағаділдің өлімінің себептері мен қандай жағдайда қаза болғанын тәжірибелі сот-медицина сарапшылары мен жоғары категория кардилогтан тұратын комиссия жан-жақты зерттеді. Олардың арасында Ағаділдің туыстарының өтініші бойынша қатыстырылған сарапшылар да болды. Сарапшылар Ағаділ миокард инфарктісінен қайтыс болғанын анықтады... Сарапшылар Ағаділдің денесінен жарақат таппады. Осыған байланысты 25 мамыр күні Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығына байланысты тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Астаналық белсенді Дулат Ағаділді төрт полицей ақпан айының соңында үйінен алып кеткен. Жедел алып кеткен топтың, Дулат Ағаділге дұрыс киінуге де мұрша бермегені видеоға түсіп қалған.

Келесі күні таңертең Дулат Ағаділдің уақытша тергеу абақтысында қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл өлім қоғамның қызу талқысына түсіп, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында белсенділер әкімдіктердің, полиция департаменттерінің алдына шығып, бұл өлімнің тергеу жұмысын әділ өтуін талап етті.

Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Саданов ақпанның 25-і күні Дулат Ағаділдің жүрек талмасынан қайтыс болғанын мәлімдеді.

Наурыздың 1-і күні Информбюро порталына сұхбат берген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дулат Ағаділдің жүрегі қысылып қайтыс боланын мәлімдеді.

 

Байланысты жаналықтар

Бас прокуратура Ильинді, Сүлейменованы, Ұранхаев пен Ахметовты  жауапқа тартады

14.06.2023

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

16.02.2021

СІМ Еуропарламент сынына жауап берді

14.02.2021

Еуропарламент депутаты Қазақстанға санкция салуды ұсынды

12.02.2021

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

25.01.2021

Тағы бір депутат «Nur Otan» партиясынан шығарылды

08.12.2020
MalimBlocks
Бас прокуратура Ильинді, Сүлейменованы, Ұранхаев пен Ахметовты  жауапқа тартады

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеді.

Евгений Жовтис: Митинг қудалайтын шенеуніктерге  санкция салынуы мүмкін

СІМ Еуропарламент сынына жауап берді

Еуропарламент депутаты Қазақстанға санкция салуды ұсынды

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

Тағы бір депутат «Nur Otan» партиясынан шығарылды