Біртанов министрлігі пропагандадан бас тартпайды

Malim Админ

  • 02.06.2020

Денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтының пропагандасына  65  884 821 теңге жұмсамақ.  Министрлік мемлекеттік сатып алулар порталында осындай хабарландыру жариялаған.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 маусым күні мемлекеттік сатып алулар порталына "салауатты өмір салтының насихатына" ашық конкурс жариялады. Тендерге өтініштер 8 маусымға дейін қабылданады. Тендерді ұтып алушы түрлі аурулардың профилактикасы, темекі шегудің зияны, скринингтік тексерулер, ойынқұмарлықтың зияны, темекіге қарсы күрес орталығының қызметін насихаттау тәрізді тақырыптарда материалдар ұсынуы керек. Сонымен қатар әлеуетті өнім беруші  денсаулық сақтау министрлігі бұйрықтарының қалай іске асып жатқанын, жергілікті атқарушы органдардың салауатты өмір салтын қалай насихаттайтыны туралы ақпарат беріп отыруы тиіс. Бұдан бөлек министрлік бекіткен бағдарламалар аяындағы іс-шаралар мен медиа-материалдарды тіркеп, бағдарламаны талдап, мониторингілеу керек.

Өнім беруші әлеуметтік желі мен танымал мессенджерлерде 20 инфокоммуникациялық материал дайындап, орналастыруы керек. Әлемжеліге  ата-аналарға балалардың вакцинасы, вакцинация, скринингтік тексерулер мен жыныстық жолмен берілетін аурулар профилактикасы туралы бейнероликтер дайындайды. Тендер шарты бойынша, 4 бейнероликтің әрқайсысы кемі 500 мың қаралым жинауы тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі салауатты өмір салтының пропагандасына тендерді осымен екінші мәрте жариялап отыр. Министрлік дәл осы тендерді 31 наурыз күні жариялаған болатын. Бірақ сәуірдің 16-сына дейін жалғасқан конкурсқа небәрі екі өтініш келіп түсті. Қызығы, сол кезде тендерге қатысуға өтініш білдірген ұйымдардың бірі – тікелей денсаулық сақтау министрлігіне қарасты "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Екіншісі – "Медициналық ұйымдардың Қазақстандық альянсы" Республикалық қоғамдық бірлестігі Қарағанды облысы бойынша филиалы. Ашық конкурс комиссия тендерге қатысқан екі ұйымды да талапқа сай келмейді деп тапқан. Сол себепті конкурс өтпеген деп танылып, маусым айында қайта жарияланып отыр.

 

Оқи отырыңыз: Біртановтың пропагандасы қанша тұрады?

Фото: baigenews.kz

Материалды көшіріп басуға болмайды

Байланысты жаналықтар

Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

27.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

18.03.2024

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

01.08.2023

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

20.07.2023
MalimBlocks
Енді кәсіби дәрігерге көріну үшін терапевтке жазылудың қажеті жоқ – ДСМ

Енді дәрігерге бару үшін терапевтке жазылудың қажеті болмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Балаларға ораза ұстауға бола ма?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді.

Қарағандыда тағы екі бала ауруханаға түсті

Екі күннен бері ауруханаға уланып түсіп жатқан жетім балалар мен ата-анасы тастап кеткен балалар. 

Балалар әдебиетін жемқорлық өрге бастырмай тұр

Жемқорлар жайлаған тендердің «жеңімпаз» баспаларына министрліктегілер ескерту жасай алмайды