Атырау облысы 90 жылдарға шегініп бара ма?

  • 05.06.2020
  • Malim Админ

Атырау облысында спортшылардан құрылған топ халықаралық деңгейдегі қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Malim.kz.

«2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті жүргізілген арнайы операция нәтижесінде спорттық орта мен ықтимал деструктивті діни ағымдардың өкілдерінен тұратын адамдар тобының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топқа қатысушылардың өңір кәсіпкерлерінен ақшалай қаражатты қорқытып алуға, қарыздарды «өндіруге» және дене жарақаттарын келтіруге қатысы бар», делінген мәліметте.

Операция нәтижесінде топтың 5 белсенді мүшесі ұсталған. Кейбірі «воровская» идеологиясы бойынша әрекет етіп, «трансұлттық қоғамдастықтармен» байланыс жасаған. Ұсталғандардан түрлі қарулар мен оқ-дәрілер тәркіленген.  

Қазір ұсталғандардың үшеуі уақытша қамауға алынып, екеуінен жауап алынып, босатылған. Жедел тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

Ақорда мен Үкімет бастап, өзгесі қостап, ауыз жаппай кәсіпкерлікті қолдау туралы бастама көтеріп жүргенде, Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ басқаратын бұл облыс «90 жылдарға» қарай шегініп бара жатқан жоқ па? Әлде, облыс әкімдігі спортшыларға дұрыс көңіл бөлмей жүр ме екен...

Байланысты жаналықтар

Шымкенттен Риддерге тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді

19.05.2021

Құрбан айттың бірінші күні 18 мыңдай отбасыға ет таратылған

31.07.2020

Ассамблеяның тойы Назарбаевтың ауылында басталды

11.02.2020

«Өлсем де, үйімді бұзғызбаймын»: Алматыдағы реновация жайлы

02.07.2021

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина финалға шыға алмады

29.07.2021

«Қымбатымыздан айрылдық»

17.08.2020