Мемлекет басшысы «Астананы» дамытуға тапсырма берді

Malim Админ

  • 20.05.2020

COVID дағдарысында мемлекеттердің шекаралары тастай жабылып, ұшақтар мен танкерлер  тұрақтарда қаңтарып, әлемдегі экономика көші тоқтап қалса да, қаржы нарығы мызғымайды екен.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат КЕЛІМБЕТОВТІ  қабылдап, талқылаған тақырыптарына қарғанда коронавирус «Астана» халықаралық қаржы орталығының жоспарына кедергі емес.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВҚА Қайрат КЕЛІМБЕТОВ  өзі басқарып отырған орталықтың  елдегі қаржы нарығын дамытудағы рөлі, инвесторлар мен қаржы қызметтері  тұтынушыларының құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы атқарылған жұмыстарын баяндаған.

Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіруде «Астана» халықаралық қаржы орталығының рөлі мен маңызына ерекше мән беріп, орталықтың алдына қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыруды тапсырған.

Атап айтқанда, инвестиция тарту,  мемлекеттік активтерді жекешелендіруде,  қор нарығын дамытуға бұл орталық белсенді араласуы тиіс деген. Бизнес пен мемлекет  немесе халықарылық және жергілікті бизнес арасындағы түрлі экономикалық дауларды шешуде  «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты мен төрелік алаңының маңыздылығына көңіл бөлген. Сондай-ақ, орталықтың инвестици  бағдарламасын ілгерілету үшін Сыртқы істер министрлігі мен  шетелдегі өкілдіктермен өзара жұмыстарды одан әрі жандандыруды тапсырған.

Президенттен бірқатар нақты тапсырма алған Қайрат Келімбетов  Қазақстанда алғаш рет  «Астана» алаңында бұрын-соңды болмаған қаржы амалдары енгізілгенін, мәселен, юаньмен көрсетілген облигациялар шығарылып, облигацияның исламдық баламасы – сукуктың кросс-листингі өткізілгенін айтып берген.

Сосын, бүгінгі күннің күйіп тұрған тақырыбы –карантиннің жайын да баянадап берген.

Байланысты жаналықтар

Тасмағамбетов лауазымды қызметке ұсынылды

15.03.2021

ЭКСПО тендері: гүл өсіруге 48 миллион

22.05.2020

COVID-19: Бас қалада күнде 500, Алматыда 100 науқас ауруханаға түседі

17.06.2020

Сол жағалау: «Енді маған мектепте орын жоқ»

09.03.2020

Нұр-Сұлтанның "Қазақстаны" қирағалы тұр

11.02.2021

Жоғары сот судьясы ұсталды

11.02.2021
MalimBlocks
Тасмағамбетов лауазымды қызметке ұсынылды

ЭКСПО тендері: гүл өсіруге 48 миллион

COVID-19: Бас қалада күнде 500, Алматыда 100 науқас ауруханаға түседі

Сол жағалау: «Енді маған мектепте орын жоқ»

Нұр-Сұлтанның "Қазақстаны" қирағалы тұр

Жоғары сот судьясы ұсталды