Иманғалидың қолынан жілік мүжіген зиялыларға қайранмын

Malim Админ

  • 06.07.2020

Пандемия кезінде әлеуметтік желі қолданушылары үкіметке түрлі сын айтып жатыр. Елде коронавирусқа шалдыққандар саны 50 мыңға жуықтады. Қазір Қазақстан гумунитарлық көмекке мұқтаж болып қалды. Бүгін Грузиядан көмек жетті. Бұған дейін Қытай, Түркия сынды елдер жәрдемдескен еді. Белгілі айтыскер ақын Аманжол ӘЛТАЙ бұндай қиын жағдайда мықты азаматтар бірігу керек дейді.

«Халықтың ахуалы күн санап төмендеп барады, індеттен еңсесі түсіп қорғансыз күн кешуде. Өкіметтің қауқарсыз халі пандемиямен күресуде әлсіздігін көрсетуде. Осындай ауыр сәтте қайраткерлік қарымы дәлелденген мықты азаматтар бірігіп, білек түріп іске кірісуі қажет. Халықтық, мемлекеттік мүдде үшін ортақ іске жұмылуы қажет. Президентіміз Иманғали Нұрғалиұлын Мәскеуде шеттетпей, қасына алып өкімет басшысы етіп тағайындауы керек. Иманғалидың қолынан талай жылдар бойы майлы жілік мүжіген, шапағатын көрген зиялы қауым өкілдерінің үнсіз жатқандығы қайран қалдырады. Өз басым Имекеңнің алдына барып бір өтініш айтып көрмеппін. Ол кісінің мемлекетшіл, ұлтын сүйетін, халқының жүрегін түсінетін қасиеттерін мойындаймын. АҚЖОЛ!!!», - деп жазды айтыскер instagram желісінде.

Фото: tengrinews.kz

Байланысты жаналықтар

Қымбат Досжан Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйел анықталғанын айтты (ВИДЕО)

25.04.2024

Алматы әуежайында ұшқыш есірткіге мас күйінде ұсталды

25.04.2024

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

25.04.2024

Әнші Балжан Бидаш Шымкентке келін болатынын айтты

25.04.2024

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

25.04.2024

«Намазхандар қиянат жасамайды деп ойладым»: Танымал әнші бақытсыз әйел болғанын айтты

24.04.2024
MalimBlocks
Қымбат Досжан Жәнібек Жұмағұловты саудалаған әйел анықталғанын айтты (ВИДЕО)

Тіл білетіндіктен, аудармашы болып істеген.

Алматы әуежайында ұшқыш есірткіге мас күйінде ұсталды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Атырау облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала тірідей жанып кетті

Сондай-ақ анасы 1995 ж.т. Н. С. және азаматтық некедегі жолдасы 1994 ж.т. Д.Б. ес-түссіз күйде табылып, аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.

Әнші Балжан Бидаш Шымкентке келін болатынын айтты

Қалыңмалға 20 млн теңге береміз деген.

Жайық өзенінің деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр

Атырау қаласы гидропостындағы су деңгейі 425 см.

«Намазхандар қиянат жасамайды деп ойладым»: Танымал әнші бақытсыз әйел болғанын айтты

Әнші тұрмысқа шариғат бойынша шыққан.