Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек бермек

Malim Админ

  • 08.07.2020

Ресей дәрі-дәрмек жетіспей жатқан Қазақстанға коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмек жөнелтпек. Бұл туралы Kaztag.kz-ке сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Гуманитарлық көмектің алғашқы рейсі бүгін кешке ұшақпен жөнелтілмек.

«Қандай тізім жіберілетіні қазір анықталып болды, гуманитарлық жүк жақын арада Қазақстанға жеткізіледі. Менің білуімше, бүгін кешке алғашқы ұшақ болу керек», - деді РФ денсаулықсақтау министрінің орынбасары Олег ГРИДНЕВ.

Гриднев айтқан тізімге коронавирустан емдеуге арналған ресейлік дәрі-дәрмек өнімдері кіргізілген.

Соңғы кездері Қазақстанда инфекцияның асқынуына байланысты дәрі-дәрмек жетіспей, дәріханаларда ұзын-сонар кезектер пайда болып жатыр. Әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде дәрі таппай, наразы болған жұрт ел билігін сынға алып келеді. Осындай жағдайда РФ денсауминінің орынбасары Гриднев бастаған 32 маман 6 шілде күні Қазақстанға келген. Олар тәжірибесімен бөлісіп, қазақстандық әріптестеріне кеңес бермек. Мұндай делегация ертеректе Қытайдан да келгенін айта кету керек.

Еске сала кетейік, кеше ғана ресейлік кейбір сарапшылар Қазақстанда екінші мәрте карантин жарияланғанын сынаған.

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

23.03.2024

СІМ: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың болуы туралы ақпарат түскен жоқ

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024

Ресейде қазақстандық миллиардер Турловтың активтері тәркіленді 

18.03.2024

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

18.03.2024

Ресей теракт жасау әрекеті кезінде мерт болған қазақстандықтарды лаңкестер тізіміне енгізді

15.03.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей халқына қайғырып көңіл айтты

СІМ: Зардап шеккендер арасында қазақстандықтардың болуы туралы ақпарат түскен жоқ

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

Ресейде қазақстандық миллиардер Турловтың активтері тәркіленді 

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді құттықтады

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Ресей теракт жасау әрекеті кезінде мерт болған қазақстандықтарды лаңкестер тізіміне енгізді

Олар синагогаға шабуыл  жасамақ болды деген күдікке ілінген болатын.