Цой Маминға карантиндік шараларды тоқтатуды ұсынды

  • 28.07.2020
  • Malim Админ

Премьер-Министр Асқар Мамин эпидемиологиялық жағдай мен коронавирус инфекциясына қарсы күрес шаралары туралы Үкімет отырысын өткізді.

«Карантиндік шаралардың мерзімі 2 тамызда аяқталады. Жалпы, осы кезеңде эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, медицина ұйымдарының жүктемесі біршама азайды. Жазылғандардың саны 63 пайыздан асты. Вирус жұқтырудың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін азайды», – деді Премьер-Министр. Ауруханалардағы төсек-орын жүктемесі 46 пайызға дейін төмендеді. Ай қорытындысы бойынша жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 38 пайызға түскен.

«Барлық өңірлер дәрі-дәрмектің жеткілікті қорымен қамтамасыз етілген. Осыған орай, эпидемиологиялық жағдайды одан әрі жақсартуымыз қажет. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Карантиндік шараларды біртіндеп алу жоспарын ұсынып отыр. Қазіргі жағдай мен осы айдың қорытындысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында бұл Жоспар қарастырылып, тиісті шешім қабылданады», – деді Асқар Мамин.

Байланысты жаналықтар

Біртановпен айқасқан дәрігер: 200 мың адамдық митингіге рұқсат сұрадым

10.09.2020

Әкімдердің арасында ең жаңа автокөлікті Нәлібаев теуіп жүр

18.09.2020

Маминнің дерегіне ел түгілі өзі де сенбейді...

06.05.2020

Мектеп бітіру кешіне түлектердің ата-аналары да бармайды

12.05.2020

4 млрд бөлінсе де ақтөбелік оқушылар компьютерсіз отыр

05.10.2020

Денис Тен қазасынан сабақ алған жоқпыз

29.09.2020