Ресей төбемізден тағы "Протон" ұшырды

Malim Админ

  • 31.07.2020

Ресей 31 шілдеге қараған түні Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон-М" зымыранын ұшырған. Зымыран ғарышқа "Экпресс-80" және "Экспресс-103" спутниктерін ғарышқа алып шықты.

Росоксмостың хабарлауынша, зымыран көтерілген соң он минуттан кейін "Протон-М" зымыран тасығышының үшінші сатысынан жүйтку блоктары бар спутниктер бөлініп шықты.

Бастапқыда зымыранды ұшыру наурызға белгіленген. Бірақ ақау табылған соң зымыранды ұшыру 30 шілдеге шегерілді. Дегенмен зымыран бұл күні де ұшпай қалды. Агрегаттарды қосымша тексеру керек болғандықтан, зымыран 31 шілде күні бір-ақ ұшырылды.

«Протон-М» зымыранын ұшырумен Ресейдің Хруничев атындағы орталық айналысады.

Соңғы бірнеше жылда «Протон-М» зымыраны ірі апаттарға ұшыраған. 2013 жылы жазда «Байқоңыр» ғарыш айлағынан көтеріле бере құлап, шамамен 200 тонна гептил мен 400 тонна амил төгілген. Ғарыш айлағына жақын жердегі Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғындары зиянды гептил "бұлтына" куә болған.

Апаттан кейінгі қазақстандық белсенділер Ресейдің Байқоңырдан гептил қолданатын зымырандар ұшырмауын талап еткен.

Ресей Қазақстанға тиесілі Байқоңырды 1994 жылдан бастап, 2050 жылға дейін жалға алған.

Байланысты жаналықтар

Атыраудағы жер дауы: "Шекара бағандарын әкетіп жатыр"

19.04.2021

«Спутник V» вакцинасын салдырғандарға өтемақы төленбейді

01.02.2021

Цойдың орынбасары Назарбаевты неліктен Ресей дәрігерлері емдегенін айтты

08.07.2021

Орталық Азия тыныштығын бұзу кімге тиімді?

23.08.2021

Билік неге белсенді қоғам өкілдерімен тоқпақ арқылы сөйлеседі?

04.03.2020

Қазақстан тағы қандай елдерден көмек сұрады?

02.04.2020
MalimBlocks