Беларусьтен кейін елбасымыздың дана шешімге барғанын көріп отырмыз

  • 20.08.2020
  • Malim Админ

«Ел арасында мынандай қияли сенім бар сияқты. Билікті "кет!" дегенде кетіріп, "жалықтық, орныңды босат!" десе, орнына керемет бір адам келе салатын сияқты». «Асыл арна» телеарнасының директоры, айтыскер Мұхамеджан ТАЗАБЕК осылай дейді.

Өзі басқаратын телеарнаның «Маңызды мәселе» бағдарламасына мәжіліс депутаты Бекболат ТІЛЕУХАНДЫ сұхбатқа шақырған Мұхамеджан Тазабек сұрақ қана қоймай, өз ойларымен де бөлісіп отырды.

Мәселен, он күннен бері бейбіт митингіге шығып жатқан Беларусь еліндегі жағдайды айналып өтпеді. Одақтас елдегі митингілерден кейін Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ былтырғы отставкасына дана шешім деген баға да берді.

«Кеше ғана басқаның аяғының астынан шыққан Қазақстан сияқты елдің зауытын жасап, жолын жасап, оның адамдарын тәрбиелеп, жаңа санаға, жаңа мәдениетке өзгерту үшін шынында да тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бір қолға жинақталған билік керек болды. Мықты лидер керек болды. Құдай оны басқа елдердің басына бермесе де, біздің басымызға берді. Бірақ өзінің уақытында қазақтың даналығына сәйкес елбасымыз билікті басқа адамдарға ұзатып салды. Қазір Беларусьтен кейін елбасымыздың қандай дана шешімге барғанын көріп отырмыз. Бұл да бір қазақтың пейілінің, дархандығының, даналығының көрінісі шығар», - деді айтыскер.

Естеріңізге сала кеетйік, Беларусь елінде 9-тамыз президенттік сайлаудан кейін жаппай митингілер басталды. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, 26 жыл президенттік тақта отырған Александр ЛУКАШЕНКО 80,01 пайызға ие болса, оппозиция атынан түскен Светлана ТИХАНОВСКАЯ 10,09 пайыз ғана дауыс жинаған. Бұған келіспеген халық жаппай көшеге шыға бастады.

Сондай-ақ, Мұхамеджан Тазабек біздің елде билік пен халық арасына сына қаққысы келетін шенеуніктерін барын айтты.

«Рухани арнаны басқарып отырған соң елбасының кейбір көзқарастарынан хабардармын. Мысалға елбасының салютты атуды жек көретінін білемін. Оны өз құлағыммен естігенмін. Бұл табиғаттың көркін, ауаны бұзады. "Ысырап жасап қайтесіңдер" деп төңірегіне ұрысқанын құлағыммен естігенмін. Бірақ сөйте тұра астанананың мерекесінде аспанға салют атылды. Халықты қолдан ыза қылды. Әлі де елбасы, Тоқаев сынап жатқан шенеуніктер билік пен бұқараның арасына от жағып жатқандай», - деді Мұхамеджан Тазабек.

Отшашу 6 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының күнінде үш рет атылды. Дәл сол күні экс-президент, «Nur Otan» партиясы мен Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев 80-жасқа толған еді. Бірақ сол кезде елде коронавирус өршіген тұс еді. Дәрі-дәрмек тапшылығы орын алып, қара жамылған жұрт қатары көбейген.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ. 

Байланысты жаналықтар

Қырғызстандағы төңкерістің артында топтық мүдде жатыр

07.10.2020

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды

17.02.2020

42 500: ЕЦҚ кілтін алу және онлайн өтініш беру (видео)

31.03.2020

Операторлар біріксе тұрғын үй бағасы арзандауы мүмкін

19.02.2020

Нартай Дүтбаев бостандыққа шықты

18.06.2020

Бекшин мен орынбасары вируспен емес, бір-бірімен соғысып жүр

23.04.2021