Назарбаев туралы заңның күші жойылды 

Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді

Malim Админ

  • 11.01.2023

Өткен жылы маусымда басталған Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыратын қозғалысқа нүкте қойылған сынды. Қазақстанның конституциялық соты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» заңның күші жойылғанын мәлімдеді. Бұл іс жүзінде жаңа орган қабылдаған алғашқы құжат.

«2022 жылғы 5 маусымда Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы ретінде өз билігін тікелей республикалық референдум арқылы жүзеге асыра отырып, тұңғыш президент – елбасының мәртебесі мен өкілеттігін, оларды Конституциялық заңмен регламенттеу мүмкіндігін, Конституциялық кеңеске өмір бойы мүшелігін, сондай-ақ оның арнаулы артықшылықтарын, мәртебесінің өзгермеуін, екі реттен артық президент болып сайлану құқығын Конституциядан алып тастады», - делінген қаулыда.

Нақтырақ айтқанда Конституциялық сот, іс жүргізу материалдарын зерделеп, жекелеген шет елдердің халықаралық тәжірибесі мен заңнамасын талдай отырып,«аталған заңның күші жойылды деп танылуға тиіс» деген қорытындыға келді. Қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді және шағымдануға жатпайды.

Айта кетейік, 28 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыратын заң жобасын қарауына алды. Бұл норма «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы»  конституциялық заңының жобасында жазылған.  

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Бет-жүзін тұмшалап жүретін адамдарға шектеу қойыла ма? министрлік жауап берді

11.05.2025

Сотталғандарды колонияларда ұстау ережелеріне өзгерістер енгізіледі

09.05.2025

АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі заңсыз жүрген азаматтарға үндеу жасады

07.05.2025
MalimBlocks