«Құшақтап жатады...»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алу туралы пікір білдірді

Көп әйелділік - Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім.

Берік Дәулетов

  • 01.07.2024

Белгілі айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек Instagram-парақшасында көп әйел алу жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Көп әйелділік - Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім. Ең керегі - әділдік. Содан соң сабыр, қаражат, даналық, білім, денсаулық.

Адам сапасы кеткен қоғамда отбасының да сапасы оңай болмай тұр. Өтірік күліп, іштей жылап жүрген әйел де, еркек те жетеді. Әйел табамын-ау, бірақ өзімнен әділдік табамын ба? Күйеу табасың-ау, біреу тағдырыңа сүйеу табасың ба?

Тағдыр деген, нәсіп деген нәрсе бар... Елдің бәрі сұлтан Сүлеймен емес, Сүлейменнің бәріне Хюррем сұлтан нәсіп бола бермейді. "Қанша су ми болса да, сусар бөрік тазда бар" деп Есенқұл ақын айтқандай кейде жапалақ жарғанатқа үйленіп, кейде жылан алтынды құшақтап жатады. Өмір ғой.

Әр отбасы - жеке сынақ, дара жауапкершілік! Мен де бұл жағынан сынақ біреу! Не болса да басқа жар ала алмадым. Алла бойдақтарды отбасылы етіп, барлық отбасыларға ынтымақ, береке, ізгілік нәсіп етсін!

Кімге қандай тағдыр нәсіп етсе де, ең бастысы еркектер езілмесін, әйелдер қорланбасыншы", - деп жазды ол. 

Сондай-ақ Мұхамеджан Тазабектен бір оқырманы "неше әйеліңіз бар" деп сұраған.

Ол бұл сұраққа:

Әйелдерді қуантқан тағдырым бар, - деп жауап берген.

Фото: total.kz

Байланысты жаналықтар

Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

19.05.2025

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

05.05.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

01.04.2025

"Басылып кеткен шығар". Министр әкім сыналған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

20.03.2025

«Азабы өте үлкен». Бас имам ЛГБТ туралы айтты

19.03.2025
MalimBlocks
Ермек Тұрсынов елден неге кетті? Депутаттар пікір білдірді

Қазақстандықтар ресейлік кәсіпкердің кофеханасына бойкот жариялады

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Министр баяндама жасап жатқанда еgov.kz порталы істен шықты

еgov.kz порталының ішінде 1-сыныпқа балаларды қабылдау қызметі жойылып кетті. Цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин ақауға қатысты пікір білдірді

"Басылып кеткен шығар". Министр әкім сыналған постқа неге лайк басқанын түсіндірді

Нұржан Нұржігітов неге әлеуметтік желіде Ербол Қарашөкеевті сыналған постқа лайк басқан?

«Азабы өте үлкен». Бас имам ЛГБТ туралы айтты

Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, бұл - үлкен күнә, ата-баба жолына қайшы келетін жат түсінік.