Сенат Елбасы статусын қайта қарауға референдум өткізу ұсынысын мәжіліске жіберді

Сенат республикалық референдумға қатысты заңға өзгеріс енгізу жобасын мәжіліске қайтарды. Және жобаға тағы бір тармақ қосты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 05.05.2022

Сенат мәжіліске жіберген ұсыныс қатарында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың конституцияда көрсетілген статусын өзгертуге қатысты республикалық референдум өткізу де бар. Егер мәжіліс референдумға келісім берсе, оны сенат қарап, президент келісімінен кейін референдумда Елбасы мәртебесі қайта қаралатын болады.

Оқи отырыңыз:Жеңісін Елбасына арнағандар елге сөзін арнай ала ма?

Айта кетейік қазіргі заңның 3-тармағына сәйкес

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, шекара тұтастығы мен еркіндігі;
  2. басқару формасы
  3. Республиканың негізгі құндылықтарын бекіткен Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы – Тұңғыш президент – Елбасы туралы және оның статусына қатысты заң референдумда қаралмауы керек.

Осы үшінші тармақты референдумға жіберу үшін мәжіліс пен президенттің рұқсатын алу керек. Сол кезде ғана Назарбаевтың статусына қатысты заңды Қазақстан азаматтары өзгерте алады.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен мәжіліс дайындаған құжатты сенатқа таныстырып, оны техникалық өзгерістер енгізуге бағытталған деп атады. Дәлірек айтсақ, сайлау мен референдумда қолданылатын бюллетенге өзгеріс енеді. Бұрын референдум бюллетенінде дауыс беруші өзі таңдаған тармақты бір ғана жолмен белгілеуі керек болған. Енді таңдаған тармағын кез келген символмен белгілей алады.

Дәл осы комитеттің мүшесі Андрей Лукин «референдумда шешілуі мүмкін болмайтын мәселелерді анықтау керегін» атап айтты. Алайда нақты қандай мәселелерді көздеп отырғанын айтпады.

Байланысты жаналықтар

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

26.03.2025

Үкімет Астанада бір үйге тіркеуге болатын адам санын шектеуді ұсынды

05.03.2025

Айтатын сылтау көп. Мақсат Толықбай фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

26.02.2025

Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлы қалай қаза тапқанын айтты

21.02.2025

Қазақстанда сотталғандарға тағы бір тыйым енгізіледі

19.02.2025

Қыз алып қашқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

05.02.2025
MalimBlocks
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанда криптобанк құруды ұсынды

Оның пікірінше, бұл қаржы институты цифрлық активтердің айналымын заңдастыруға және реттеуге ықпал етеді

Үкімет Астанада бір үйге тіркеуге болатын адам санын шектеуді ұсынды

Айтатын сылтау көп. Мақсат Толықбай фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынды

Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлы қалай қаза тапқанын айтты

Депутат композитордың баласы белгісіз біреулер өлтіріп кетуі мүмкін деген болжамды айтады

Қазақстанда сотталғандарға тағы бір тыйым енгізіледі

Қыз алып қашқандар 5 жылға дейін сотталуы мүмкін

Сонымен қатар, айыппұл салынып, қоғамдық жұмысқа тартылады