"Бекеңнің жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды"

  • 20.08.2020
  • Malim Админ

Белгілі дінтанушы ғалым қарғыс айту туралы пікірін білдірді. Өзінің фейсбук парақшасында жазған сөзінде Қайрат Жолдыбайұлы қарғыс айтып жатқан Бекболат Тілеуханға жани ашитынын айтқан.

«Менен кейбір кісілер қарғыс айтудың діндегі үкімін сұрап жатыр. Мұсылман баласына кешірімді болып, өзіне жаманшылық жасаған, ренжіткен адамдар үшін Алладан жақсылық тілеген жарасады. Бұл ең әуелі кісінің жүрегін кектен, ыза мен дұшпандықтан сақтайды. Сені ренжіткен адамға деген жүрегіңдегі дұшпандықты басқа емес, сол адамға арнайы жасаған ізгі тілегің ғана жуып тазалайды. Көкірекке кек байлатпайды. Мен мұны өз басым жиі қолданамын. Екіншіден шынайы жанашырлық. Абайдың “Адамды сүй, Алланың хикметін сез” деген пәлсапсы бізді осыған тәрбиелейді. Уағызды не үшін айтамыз? Адамдарды екі дүниеде де жаманшылыққа ұшырамаса екен деген жанашырлықпен айтамыз. Ендеше қарғыс, осы ниетімізге керағар әрекет.

Бірақ өмірде неше түрлі жағдай болады. Түрлі зұлымдыққа ұшыраған кісінің қатты жаны қысылғанда ауызынан ерікті-еріксіз қарғыс сөз шығуы да мүмкін. Бірақ оны былайғы уақытта ренжіскен әр адамға қолдану дұрыс емес. Ары кетсе, Аллаға тапсырған абзал. Кейде ары мен намысын сақтап қалудың басқа жолы қалмағанда, нақақтан жала жапқан адамға барып “сенің айтқаның рас болса, Құдай мені төбемнен ұрсын, ал жалған болса сені ұрсын” деп бірге дұға етейік деп ұсыныс жасауға рұқсат. Мұны дінде “мұлағана” дейді. Көп жағдайда өзіне сенімсіз тарап бұдан бас тартып жатады. Бұл бірақ аса зәру жағдайда ғана жасалады. Қарғыс жайлы қысқаша мәліметтен кейін әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан Бекеңнің аудиосы жайлы қысқаша ғана айтайын.

Бекеңнің жүйкесі сыр бергенге ұқсайды. Шын жаным ашыды.

Алла баршамыздың біліп-білмей істеген күнә, қателіктерімізді кешірсін!

Уа, Аллам, бізге адамдардың жақсы жағын көре білетін көз, нашар жағын кешіре алатын жүрек, жамандықты ұмыта алатын көкірек, ешқашандай жағдайда үміт пен сенімін жоғалпайтын рух бере гөр!»

Естеріңізде болса әлеуметтік желіде белгілі әнші, Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның Серік деген азаматқа қарғыс айтқан аудиосы тараған.

 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте 300 отбасы баспаналы болды

18.03.2021

Бекшин "Алматы штамы" туралы түсінік берді

30.03.2021

Қазақстанда коронавирустан он адам қайтыс болды

20.12.2020

Тоқаев мырза, сіздің сыныңызды елеген ешкім жоқ

19.02.2020

Қарағандыда көп балалы анаға айыппұл салынды

06.02.2020

Асанәлі Әшімов: Жігіттер әлдебір топтың жетегінде кеткен екен

08.02.2020