«Есірткіге жол жоқ!»

Malim Админ

  • 21.08.2020

«Есірткіге жол жоқ!». Есірткімен күрес жүргізіп отырған полициялардың ендігі ұраны осы. Қазіргі таңда халықпен жұмыс істеудің әртүрлі формалары ойластырылып, жүргізіліп отыр. Қашанда ел тәртібін күзеткен полиция қызметкерлері Түркістанда тұрғындарға «Есірткіге жол жоқ» белгісі бар екі мың дана бетперде тегін таратып берді. Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері өзгелерге үлгі боларлықтай іс-шара ұйымдастырып, «Есірткіге жол жоқ» логотипі бар тегін бетперде таратты. Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі қылмысының алдын алу және болдырмау, оған қоса коронавирус індетінің таралуына тосқауыл қою.

Түркістан облысы  Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Әлібекұлы:

– “Есірткіге жол жоқ” ұранымен бастау алған шарада Түркістан қаласының тұрғындарына логотипі бар екі мың дана бетперде таратылды. Көбіне адамдар көп шоғырланатын орындарға, саябақтарға, көпқабатты тұрғын-үй аулаларына, базар аймағына барып, көпшілік орында маскалық режимдің сақталуының маңызы зор екенін түсіндірдік. Одан бөлек тұрғындарды қорғаныс заттарын (бетперде, антисептик, қолғап) үнемі қолдануға шақырдық, – деді. Сонымен қатар аталмыш шара басқа да аудан, қалалық полиция бөлімдерінде жалғасын табуда. Сондықтан әрбіріміз індет бар кезде бетперде тағып, денсаулығымызға немқұрайлы қарамайық. Жақынымызға жанашыр болайық.

Павлодар облысында да есірткіге қарсы күрес акциясы жүріп жатыр. Облыстағы Ақсу қаласында есірткі жарнамасы бар 330 граффити жойылды. «Лидер KZ» іздестіру-құтқару жасағы белсенділерінің қатысуымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері және жергілікті полиция қызметі есірткі құралдары мен психотроптық заттардың жарнамасы бар граффити-суреттерді жоюға бағытталған мақсатты іс-шара өткізді, оның барысында 330-дан астам есірткі трафигі жойылды. Өскелең ұрпақ арасындағы нашақорлық тақырыбы бүгінгі күні өзекті болып отыр. Есірткіні қолдану денсаулыққа ауыр зиян келтірсе де, өлімге дейін, ал қылмыстық кодекс баптарының санкциялары есірткі сатумен байланысты қылмыстар жасағаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді, оларды тұтынатындар мен таратушылар әлі күнге дейін бар. Көптеген адамдарды әлеуметтік желілерде есірткі курьерімен жұмыс істеу туралы ұсыныстар түссе немесе айналасындағылардың біреуі заңсыз әрекетке қатысса, не істеу керектігі қызықтырады. Мұндай фактілер туралы хабарлау қажет, өйткені дұрыс және уақтылы әрекет ету біреудің өмірін құтқара алады-деп түсіндірді Павлодар облыстық Полиция департаменті. Полиция азаматтарды бей-жай қалмауға және нашақорлық, алкоголизм және темекі шегу сияқты әлеуметтік құбылыстарға қарсы күресте белсенді көмектесуге шақырады.

Қазіргі заманда есірткі заттарын пайдалану қоғамның әртүрлі әлеуметтік және жас топтардың санасын улайды. Бұл беталыс азаматтардың денсаулықтарына ғана қауіп төндірмейді, сондай-ақ есірткі заттарын пайдаланатын адамдар криминалдық жағдайды да шиеленістіреді. Сондықтан Павлодар полицейлері заңсыз айналымдағы есірткі заттары аясындағы құқыққа қайшы әрекеттерді анықтау, жолын кесуге бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отырады. Биылғы жылдың өткен кезеңі ішінде Павлодар облысы аумағында 106 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 56 қылмыс, 48 есірткі сату фактісінің жолы кесілді, төрт факті ірі көлемде есірткі заттарын сақтау, екі факті ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолын кесу. Заңсыз айналымнан 243 кг әртүрлі есірткі заттары алынды. Сонымен қатар, облыс аумағында 66 заңсыз айналымдағы есірткі заттарымен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Солайша, 18 тамызда Павлодар қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен 36 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ер адамның қалтасында белгісіз түссіз сұйықтық пен шприц табылып, алынды. Сараптама тағайындалды. 2018 жылы осы азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 187-бабының 1-бөлімі бойынша сотталып, 70 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылған болатын. 19 тамызда Мүткенов көшесінде патрульдеу кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Баянауыл ауылының тұрғынын ұстады, оны тінту барысында сұр-жасыл түсті затпен қағаз түйіршік табылды, сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары тұрақты негізде есірткіге қарсы үгіт-насихат аясында жұмысты жандандыру бойынша шаралар қолданылатынын атап өткен жөн. Мүдделі ұйымдар және еріктілермен бірлескен жұмыс нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын граффиттер жойылып, нашақорлықты насихаттайтын интернет сайттар анықталып, блокталады.

Есірткімен күрес осылайша тек қана қылмыскерлерді ұстаумен емес, қылмысты алдын алу мақсатында да іске асып жатыр.

Сөз – құрал. Сөз – насихат. Ел жақсы сөзді тыңдаған сайын, соған өзі жақындап, тәртіп сақтауға ұмтылады. Бұл мемлекет саясатының бір ұстыны.

Салауатты өмір салтын жүргізу халық тұрмысына да оң әсерін тигізеді. Жалпы қазақстандықтардың денсаулық жағдайын анықтайтын да осы салауатты өмір. Басқа кездегіден де қазір денсаулық сақтау, оған қарау аса маңызды болып отыр.

Бұндай акциялар елімізде жыл сайын жүргізіліп келеді.

Байланысты жаналықтар

Су тасқыны: Өңірлерге 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған

07.04.2024

Қарағанды облысында балаларын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды

05.04.2024

Полицейлер Қостанай облысындағы су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялап жатыр

03.04.2024

Азаптауға бейім бе: Полицияға жұмысқа тұрғандар тексеріледі

02.04.2024

Елордада журналист Данияр Әділбеков ұсталды

01.04.2024

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

20.03.2024
MalimBlocks
Су тасқыны: Өңірлерге 15 мың полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары жұмылдырылған

Олардың көмегімен 12 мыңнан астам адам құтқарылды.

Қарағанды облысында балаларын өлтірді деген күдікті әйел ұсталды

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Полицейлер Қостанай облысындағы су басқан аудандардан адамдарды эвакуациялап жатыр

Төтенше жағдай басталғаннан бері облыстың оңтүстік аудандарында полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірге 530-дан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Азаптауға бейім бе: Полицияға жұмысқа тұрғандар тексеріледі

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы азаптауға қарсы іс-қимылдың жаңа тәсілдерін таныстырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Елордада журналист Данияр Әділбеков ұсталды

Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде экс-министрден жауап алынғаны айтылған.