Мұхтар ТАЙЖАН: Кейбір достарым сатып кетті

  • 22.09.2020
  • Malim Админ

Саясаткер Мұхтар ТАЙЖАН New Alash ютуб каналындағы «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасына сұхбат берді.  Сұхбатта саясаткер лоббимен қалай айналысқанын жасырмай айтады. Ұлттық кеңесте атқарған жұмыстарын, ұстанымын және қоғамдық-саяси өмірдегі достық жайлы да сыр шертеді. Шынын айтамын деп сырын айтып қойған Мұхтар Тайжан біраз жасқа келгенде дос табу қиындап кетті дейді. Мұхтар ТАЙЖАНҒА мәдениет министрі болған кезінде басы даудан арылмаған Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫМЕН әңгімелескен бір ғанибет екен.

«Біздің жасымызда дос табу қиын. Кейбір достар сатып кетеді. Ол менің басымнан өтті. Дос адамдардың ортақ рухани құндылықтары болу керек. 2018 жылдың күзінде маған Арыстанбек Мұхамедиұлының көмекшісі қоңырау шалып, "министр сізді Әлібек Дінішевтің концертіне шақырады" деді. Мен бардым. Сол жерде бірінші рет таныстық. Көп сөйлестік. Ол кісі қазақ тарихын жақсы біледі.Қазақ әдебиеті мен тарихи жерлерді керемет біледі. Ол кісімен әңгімелесу бір ғанибет. Ол кісі өте қазақи адам. Астанаға барғанымда шай ішіп әңгімелесеміз. Мен үшін жағымды адам», - депті Мұхтар Тайжан.
Сондай-ақ, бағдарлама қонағы кәсіпкер Марғұлан СЕЙСЕМБАЙДЫҢ лоббисі болдыңыз ба деген сұраққа жауап береді. Сұхбатты мына сілтемеден көре аласыздар. 

https://www.youtube.com/watch?v=-HP1B0KcB5A&t=1536s

Байланысты жаналықтар

«Мамайдың кешірім сұрағаны дұрыс!»

01.05.2021

Тоқаев: Анархияға жол бермейміз

22.09.2020

Изолятордағы пышақталу: "Өз-өзіне қол салды дегеннің барлығы өтірік"

02.04.2021

Дариға Назарбаева. Қош бол, сенат қайта айналып келгенше...

02.05.2020

Мамин халықтың кредитін жаппайтын болды

22.10.2020

Сот Әсия Төлесоваға қатысты шешім шығарды

10.06.2020