Тоқаев әскерилердің қазасына байланысты көңіл айтты

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 26.09.2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскийге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы Украинаның Харьков облысында ұшақ апаты салдарынан украиндық әскерилердің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған.

"Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болған курсанттардың туған-туысқандарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларымен қауышуына тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

Украинада 26 қыркүйек қаралы күн деп жарияланды. Ұшақ бортында 27 адам болған. Оқиға орнында 25-і қаза тапқан, кейін ауруханада бір адам қайтыс болған.

Байланысты жаналықтар

«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

18.04.2024

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

18.04.2024

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

18.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

18.04.2024

Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

18.04.2024

Алдағы үш күнде ауа райы +30 градусқа дейін ысиды

17.04.2024
MalimBlocks
«Су тасқынынан 7 адам қаза тапты»: ІІМ ақпаратты жоққа шығарды

ІІМ ресми өкілі жалпы республика бойынша көктемгі су тасқыны аясында адам өлімінің бес фактісі тіркелгенін растады.

Тоқаев Астана әуежайында Садыр Жапаровты күтіп алды

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Су тасқыны: ІІМ із-түзсіз жоғалғандарға қатысты қылмыстық іс қозғады

Қазір мұндай сипаттағы жеті қылмыстық іс бар.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ жаңа деректерді жариялады

Су тасқыны басталғалы бері барлығы 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланды.

Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды.

Алдағы үш күнде ауа райы +30 градусқа дейін ысиды

Термометр бағаны түнде температураның ауытқуын көрсетеді.