Дін тыныш жүр, митингіге шықпа дейді

  • 28.09.2020
  • Қанат Тілеухан

«Жаңа Алаш» ютуб каналына белгілі философ Қанағат ЖҮКЕШЕВ сұхбат берді. Ғалым Қазақстан қоғамындағы дағдарыс пен әлеуметтік-психологиялық ахуал жөнінде әңгімеледі. Ауылшылыдық сана мен аграрлық қоғамның зардаптары да сөз болды. Сондай-ақ, философ демократияның дамуына діни таным мен көзқарастың қалай әсер ететінін баян етті. Философ қазақ рушылдықтан, жалқаулықтан, тойшылдықтан индустриалды қоғамға өтекенде ғана құтылады деген де ой айтады.

«Христиан діні мен арабтың және буддизм діні арасындағы айырмашылық мынада. Дін о баста адамды бағыттайтын идеология. Ислам діні сен құдайдың құлысың десе, буддизм  сен өмірге азап шегу үшін келгенсің дейді. Ал христиан дінінің өзгешілігі құдай адамды өзіне ұқсас етіп жаратты дейді. Демек сен өз тағдырыңа өзің құдайсың! Өзіңнің еліңе, жеріңе иесің. Жауаптысың. Адамды осылай асқақтатады. Бұрын христиандардың шіркеулерінде адамдарды қинап жатқан жезтырнақты химерлердің суреті тұратын. Қазір оларды алып тастады. Бұлт үстіндегі адамдардың суретін салды. Адам бәрінен жоғары тұр! Бұл адамды қастерлеуге алып келді. Адамды қастерлеу адамды еркіндікке алып келді. Адам еркін болу үшін қоғам әділ болу керек. Әділ қоғам деген не, әділ қоғам деген демократиялық қоғам!», - дейді философ.

Сондай-ақ, «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасының қонағы қоғамды діншіл ету авторитарлық билік ғұмырын ұзартады және күшейте түседі деген ой да айтады. Осы бағытта билік жұмыс та жасап жатыр дейді.

«Өкінішке қарай шығыс адамдары құлмыз деп айтады өздерін. Құл деген сөз миға сіңіп қалса құлдықты мойындайсың. Бүкіл халықтар құлдықты мойындайды. Бүкіл түркі халқы мен арабтар құлдыққа түсті ғой. Егер ислам дінінде сен құл емессің, сен асқақсың, сен адамсың, еркін болу керексің деген идеалогия тұрса онда бүкіл мұсылмандар құлдыққа түспес еді.

Қоғамдардың даму парктикасында мәдениет, ғылым және діннің орыны анықталған. Мәдениет пен ғылым барда прогресс бар. Дін бар жерде тоқырау. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған елдерде дін қоғамға, мемлекетті бақаруға араласпайды. Бұл зайырлы мемлекеттің ұстанымы. Бізде зайырлы мемлекетпіз дедік. Бізде дінге көбірек ойысуға биліктің араласуы бар. Өйткені дінге сеніп, садақа беріп, мешіт айналасынан шықпай бәрін құдай береді деп еңбек етпейсің. Дін не айтады. Өзің тыныш жүр. Құдайға сен, намаз оқысаң құдай бәрін бере салады дейді. Осы идеалогияға иландыру керек болды. Бұл үкіметтің саясаты. Қазақстанда мыңдаған мешіттердің салынуы ғылымнан, мәдениеттен ауытқыту. Тыныш жүр деген сөз митингіге бар ма, үкіметте не болып жатқанға мән берме, құдайдың несібесі бар деген сөз», - дейді Қанағат Жүкешев.  

Философ совет кезінде ауыл прозасының қалай билік идеологиясына қызмет еткенін және бүгінгі зиялы қауымның неге саясаттан тыс қлаып қалғанын да айтады.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ.

Фото: contur.kz

https://www.youtube.com/watch?v=cqkkO81ydkI&t=2726s

 

Байланысты жаналықтар

Жоқ оппозицияны парламентке қайдан таппақ?

06.05.2020

Әсия Төлесоваға сот үкімі шықты

12.08.2020

Ассамблея басшысы неге ауысты?

29.04.2021

Халықтық өнімді сатып алып, қазақстандық өндірушіні қолда

28.12.2020

«Бір адам Петропавл атын ауыстыруды шешпейді»

06.06.2021

Президент қол қойған жер заңын халық ұзақ күтті – Башимов

01.07.2021