Баланы ұрған тәрбиеші жауапқа тартылмайтын болды

Жанар Қожанова

  • 29.09.2020

Ақтөбедегі «Шағала» шипажайында баланы сүлгімен ұрған тәрбиеші қылмыстық жазаға тартылмайтын болды. Себебі  баланы ұрған тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс сотқа дейін  тоқтатылған.  Осылайша  Ақтөбе қаласының Алматы аудандық полиция бөлімі жүргізген сотқа дейінгі тергеу екі жақтың татуласуымен аяқталыпты.

Алты ай бойы оқиғаны тергеген полицейлер тәрбиешінің 20 жылдық жұмыс өтілі бар екенін ескерсе керек.  Сөздерінше  бала  тәрбиешіге өзі бастап тіл тигізген.  Ал облыстық білім басқармасындағылар баланы ұрған тәрбиеші мен сол жерде әйелді тоқтатпаған екінші тәрбиеші де оқиға болған күннің ертесіне Еңбек кодексінің 52-бабы 14-бөлігі бойынша жұмыстан босатылғанын айтады.

«ҚР ҚК 68 бабы 1-ші тармағы бойынша екі жақтың келісімге келуіне байланысты қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары тоқтатылды. Сотқа дейін келісімге келді. Жалпы тергеу жұмыстары Алматы ауданына қарасты №4-ші полиция бөлімінде жүргізілген», -деді Ақтөбе облысы білім басқармасы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Гүлнәз МЫРЗАҒАЛИЕВА. 

Оқиғадан кейін тәрбиешіден таяқ жеген баланың жетім екені белгілі болды.  Ал тергеуге ата-анасының қамқорынсыз қалған баланың заңды өкілі ретінде қатысқан Қобда отбасылық балалар үйінің директоры  қатысқан. Келісімге келген де өзі екен. Сөзінше тәрбиешіні баланың өзі кешіріпті.

«Тергеуші қатты қысым көрмесе, келісім беруге болады деген заңды көрсетті. Сондай келісімге бардық. Себебі баланың өзі мойындап тұр. Апайды мен мазақтадым, боқтадым, апайды кешірдім деп. Ренжімеймін деп сол жерде құшақтағаннан кейін үлкен, пенсионный возрастқа келген апай болғандықтан келісім бердім. Бірақ мен айттым ол кісіге, сіздікі мүлдем дұрыс емес. Мен мысалға ұрмай соқпай сол баланың тілін тауып отырмын», - дейді Қобда отбасылық үлгідегі балалар үйінің директоры Гүлнәр ЕСЕН. 

Естеріңізге салсақ, Оқиға осыдан алты ай бұрын  Ақтөбе облысындағы балаларға арналған сүйек-өкпе туберкулезінің шипажайында  болған еді. Сол кезде 58 жастағы тәрбиешінің өзге балалардың көзінше жеткіншекті  сүлгімен аямай ұрып жатқаны әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Видео тарағаннан  кейін аталған факті бойынша ҚР ҚК 140 бабы 2-ші бөлігімен яғни Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi міндетті орындамау ісімен сотқа дейінгі тергеу басталған еді.

Фото автордікі.

Байланысты жаналықтар

Балуан әкім жылу қашан береді?

16.10.2020

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

14.01.2021

«Әкімдіктің кесірінен екі күн қамауда отырдық»

06.05.2020

Облыс әкімінің атасына ескерткіш орнатылмақ

09.10.2020

Мұнайшылар аштық жариялады

26.01.2021

Асабалар: Әкімдік той жасауға рұқсат берсін

28.05.2020
MalimBlocks
Балуан әкім жылу қашан береді?

Алтын мен мысы көп ауылда мектеп жоқ

«Әкімдіктің кесірінен екі күн қамауда отырдық»

Облыс әкімінің атасына ескерткіш орнатылмақ

Мұнайшылар аштық жариялады

Асабалар: Әкімдік той жасауға рұқсат берсін