АҚШ-тың келесі президенті кім болады?

  • 30.09.2020
  • Malim Админ

3 қарашада өтетін АҚШ президенті сайлауының басты екі кандидаты республикашыл Дональд ТРАМП пен демократ Джо БАЙДЕН алғаш рет дебат өткізді. Бұл туралы Азаттық радиосына сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Дебаттың негізгі тақырыбы 200 мыңнан астам адамның өліміне, миллионлаған адамның жұмыссыз қалуы, табысынан айрылуына әкеліп соққан коронавируспен күрес, нәсілшілдік, т.б. мәселелер сөз болады деп күтілгенмен, екі кандидат бір бірінің жеке басына тиісіп, тақырыптан ауытқып кеткен.

Байден Трампты коргнавируспен күресті жұрыс жүргізбей, ерте қамданбай 200 мың адамның обалына қалдың деп айыптады. Сондай-ақ, салықтан жалтардың деген де айып тақты.

Ал, Трамп Байденді вице-президент болып тұрған кезінде «ұлыңыз Қытай, Украина және өзге елдерде байлық жиып алды», - деп кінәлады.

Бұл дебат жайлы сарапшылар «сайқымазақ» деген сөзден өзге көп ештеңе айтылмаған, сайлаушыларға кандидаттар туралы жаңа ақпарат бермеген дебат деп бағалады.

Айта кету керек, Reuters агенттігі жалпыұлттық сауалнама нәтижесі бойынша Байден Трамптан озып келе жатқанын айтады. Демек, байден басты фаворит есептелгенмен, Трамптың екінші мерзімге сайланып кетуі де ғажап емес. Өйткені, кейбір штаттарда көрсеткіш тұрақты емес. Миллионнан астам сайлаушы қазірдің өзінде таңдау жасап қойғаны айтылуда.

Байланысты жаналықтар

Министр мен депутат: қайсысының сөзі шын?

16.09.2020

Тоқаев төтенше жағдай жариялады

15.03.2020

"Бергей билікке ЖСДП партиясын байлап берді"

15.06.2020

Рысқалиевке адал еңбегімен тапқан дүние-мүлкі қайтарылыпты

08.09.2020

Генерал Алтынбаевтың генерал ұлы қызметінен кетті

28.08.2020

Митинг өтті дүркіреп

31.10.2020