Атамбаевтың шығуына байланысты халық екі ойлы

Malim Админ

  • 06.10.2020

Алмазбек Атамбаев бостандыққа шықты. Бұрынғы депутат Садыр Жапаров та бостандықта. Алмасбектің шығуына халықтың ойы екі түрлі. Бір бөлігі қолдаса, екінші бөлігі шыққанын қаламаушылар да бар. Садыр Жапаров түрмеде отырғанда ұлы қайтыс болды, отбасында өзге де трагедиялар орын алды. Халықтың жаны ашыса керек бостандыққа шыққанын толық құптайды.

Жалпы алғанда мәселенің басы Парламенттік сайлауда оппозициялық партиялардың заң шығарушы органға өтпеуі себеп болған. Қырғыз бауырлар автократияға қайтып оралғысы келмейтін секілді.

Бірақ президентті жиі ауыстыра беру де қиын жағдай. Онсыз да мемлекет басшысы бір реттік мерзімге ғана сайланатын жүйе бар. Екінші рет сайлауға түсе алмайды.

Қазір Сооранбай Жиенбеков Ош қаласында анти митинг ұйымдастырмақшы. Халық президентті қолдап кетсе ел екіге жарылады. Қазіргі бар кланаралық қақтығыс өршиді. Мұндай қауіп те жоқ емес.

Халық қазір бұрынғы депутаттар мен билікте болғандарды мүлде саясаттан кетіру қажет деген ұстанымда. Саяси элитаның толық жаңаруын қалайды. Бұрынғы түрін көріп жалыққандардан ешкімші көргісі келмейді. Халық үміт артудан жалыққан. Шаршаған. Бұл да назар аударарлық жағдай.

Айналасы 10-12 сағатта билік кетіп тынды. Әскер әлсіз. Мемлекеттік институттар әлсіз. Бұл Қырғызстанда мүддесі бар өзге елдерге жақсы. Бауырлас елге қиын.

Қалай дегенмен Қырғызстанда тыныштық болсын! Көршінің тыныш болғаны жақсы.

Бауыржан Серикбаев,

Президент жанындағы Еуразия интеграциясы институтының қызметкері

Байланысты жаналықтар

Қырғызстан экс-премьерін тергеу тоқтатылды

24.03.2021

Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетеді

26.10.2020

Қырғыз депутаттары екі айлық жалақыларынан бас тартты

16.04.2020

БАҚ: Асқар Ақаев Бішкекке оралды

02.08.2021

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Ресей, Қытай, Қырғызға тәуелді Қазақстан

09.03.2021

Экс-президент тергеуге шақырылды

29.01.2021
MalimBlocks
Қырғызстан экс-премьерін тергеу тоқтатылды

Қырғызстанның уақытша президенті отставкаға кетеді

Қырғыз депутаттары екі айлық жалақыларынан бас тартты

БАҚ: Асқар Ақаев Бішкекке оралды

Қыл үстіндегі қауіпсіздік: Ресей, Қытай, Қырғызға тәуелді Қазақстан

Экс-президент тергеуге шақырылды