Жеңдім деген Трамп сотқа жүгінбек

Malim Админ

  • 04.11.2020

АҚШ президент сайлауындағы дауыстарды санау аяқталмағанына қарамастан, Дональд Трамп сайлау нәтижесі бұрмаланғанын, сайлаудың ресми нәтижесінің үстінен сотқа шағымданатынын айтып, сайлауда жеңіске жеткенін мәлімдеді.  Ақ үйде мәлімдеме жасаған Трамп жеңіске жеттім деп тізген штаттардың кейбірінде әлі дауыс беру аяқталмаған. Олардың қатарында Джорджия, Солтүстік Каролина мен Пенсильвания бар.

"Сайлауда жеңіске келе жатырмыз" деген демократтардың үміткері Джо Байден болса, шыдамдылық танытуға шақырды. Пенсильвания, Висконсин мен Мичигандағы дауыстарды санау әлі аяқталмағанын меңзеді. Бұл штаттарда Джо Байден жеңіске жетсе, АҚШ-тың 46-президенті атануы мүмкін.

Трамптың Ақ үйдегі мәлімдемесін оның сайлауалды штабы Twitter-де тікелей эфирде көрсетті. Ақ үйде маска тақпаған 150 жақтасының алдында мәлімдеме жасаған Д.Трамп: "Біз жеңісті тойлауға дайынбыз. Біз бәрін жеңдік. Біз сайлауда жеңіске жетуге дайынбыз,  шын мәнінде, жеңіске жеттік те" деді. Сөйтіп, дауыс санауды тоқтатуға шақырды. Егер дауыс санау жалғасса, демократтар дауыстарды ұрлауы мүмкін деп қайырды.

Трамп дауыс беруді баяу санау дауыс беру бюллетеньдерін пошта арқылы жібергендіктен болып жатыр, бұл "Байден үшін жасалып жатқан алаяқтық" екенін айтты.

Байденнің сайлауалды штабы Трамп дауыстарды санау процесіне кедергі келтіріп, АҚШ азаматтарын құқықтарынан айырмақ екенін мәлімдеді. Байденнің штабы егер Дональд Трамп дауыс беру нәтижесінің үстінен сотқа шағымданса, демократтар партиясы заңгерлерді араластыратынын ескертті.

"Барлық дауыс саналып біткен соң Байден президент атанатынына сенімдіміз", - деді штаб өкілі Джон О'Мэлли.

Джон О'Мэлли Трамптың дауыс санауды тоқтатуға шақырған мәлімдемесін "АҚШ азаматтарын демократиялық құқықтарынан айыру" әрекетіне балады.

Дауыстар қашан саналып бітетіні әзірге белгісіз. Көп дауыс пошта арқылы берілгендіктен, оны санауға әдеттегіден көп уақыт кетуі мүмкін.

The New York Times-тің мәліметінше, әзірге Байденге 224, Трамқа 213 дауыс берілген. Сайлаушылар алқасының 270 даусын алған кандидат жеңіске жетеді.

Тартысты өтіп жатқан сайлауда әзірге кімнің жеңіске жететіні белгісіз. Әлеуметтік желілердің әкімшілігі екі кандидаттың да мәлімдемелерін жіті сүзгіден өткізіп отыр. Мәселен, Twitter Дональд Трамптың "олар дауыстарды ұрлауға тырысып жатыр, бірақ біз оған жол бермейміз" деген туитін "даулы контент" деп белгілеп қойған. Сол сияқты Facebook әкімшілігі кандидаттардың посттарына "дауыстарды санау нәтижесі әлі аяқталмады" деген хабарландыруды автоматты түрде ілетінін жеткізді.

Алматы уақытымен сағат 17.00-дегі мәлімет бойынша, Джо Байден 22, Дональд Трамп 28 штатта алда келе жатыр. Бұл штаттардың басым көпшілігінде дауыстардың 60 пайызы саналып бітті. Аляска штатында дауыстардың тек 43 пайызы ғана саналып бітті. Өйткені әзірге сайлаушылар поштамен жіберген бюллетеньдер есепке алынбады. Алясканың сайлау комиссиясы бұл бюллетеньдерді санауға бір апта кетуі мүмкін екенін ескертті. Ал Пенсильванияда дауыстар жұмаға дейін саналуы мүмкін.

The Wall Street Journal  шешуші штаттар – Пенсильвания мен Мичиганда дауыстарды санау бірнеше күнге созылуы мүмкін екенін жазады. "Сайлау нәтижесі онсыз да жік-жікке бөлінген ұлттың онан бетер бір-бірінен бөліне түскенін көрсетті" деп жазады.

 

Байланысты жаналықтар

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

10.08.2023

АҚШ-тың 45-ші президенті, миллиардер Дональд Трамп қамауға алынды

14.06.2023

Мәсімов пен Байден кездесуі сөз болып жатыр

18.06.2021

Байден Ресейге санкция салды. Бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

15.04.2021

Жасөспірімдер мен балалар басылымдарын біріктіруге түбегейлі қарсымыз

11.03.2021

Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті

21.01.2021
MalimBlocks
Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

АҚШ президентінің ТМД елдерінің шенеуніктер мен кәсіпкерлерінен пара алғаны белгілі болды.

АҚШ-тың 45-ші президенті, миллиардер Дональд Трамп қамауға алынды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Майамидегі федералды сот отырысының басында қамауға алынды, оған 37 қылмыстық айып тағылған. Бірақ Трамп ешбір айыпты мойындап отырған жоқ.

Мәсімов пен Байден кездесуі сөз болып жатыр

Байден Ресейге санкция салды. Бұл Қазақстанға қалай әсер етеді?

Жасөспірімдер мен балалар басылымдарын біріктіруге түбегейлі қарсымыз

Байден АҚШ президенті қызметіне кірісті