Трамптың отбасы мен кеңесшілері қырқысып жатыр

Malim Админ

  • 07.11.2020

Джо Байден сайлаудағы жеңіс тойын тойлауға дайындалып жатса, Трамп кеңесшілері қазіргі президентке жеңілісті мойындауға әзір бол деп кеңес берген. Бірақ Трамптың отбасы кеңесшілерінің бұл кеңесімен  келіспейді.

Жұма күні аздаған тілшінің алдында сөйлеген президентікке үміткер Джо Байден жеңіске өте жақын қалғанын мәлімдеді. The New York Times-тің жазуынша, Джо Байден Пенсильвания штатында 28 800 дауыспен алға шыққан. Егер ол Пенсильванияда түбегейлі жеңіске жетсе, 270 дауысқа қол жеткізіп, АҚШ-тың 46-президенті атанбақ.

Джо Байден ұлтқа жасаған мәлімдемесінде саналған сандар оның жеңіске жететінін айқын көрсететінін, ол сайлушылар алқасының 270 емес, 300-ден астам дауысын алатынына сенім білдірді.

Джо Байден сондай-ақ Джорджия штатында да алға шықты. "24 сағат бұрын ғана Джорджия жеңіліп жатыр едік, енді алға шықтық, осы штатта жеңіске жеткелі тұрмыз", - деді ол. Үміткер өзінің жеңісін қазір жариялауға дайын болмаса да, "біз басым дауыспен сайлауда жеңгелі тұрмыз" деп мәлімдеді.

Алайда Байден халықты шыдамды болып, сабыр сақтауға шақырды. "Дауыстар саналып жатқанда сабырлы, шыдамды болуымыз керек", - деді ол.

Қазіргі президент Дональд Трамп дауыстарды санауды тоқтатуды талап етіп, Мичиган, Джорджия мен Пенсильваниядағы дауыстарды қайта санауды талап етіп, сотқа шағымданды. Джорджия мен Мичиган штаттарының соттары Трамптың арызын кері қайтады. Ал Пенсильвания соты сайлау учаскесі жабылған соң келіп түскен бюллетеньдерді алу туралы шешім шығарды.

Сайлаудан бері ерекше шыдамдылық танытып келе жатқан Джо Байден дауыстарды санауды тоқтатуға жол бермейтінін айтты. "Кімге дауыс берсеңіз де, әрбір дауыс есепке алынады. Оны кім тоқтатуға тырысып жатса да, маған бәрібір", - деді ол.

The New York Times-тің жазуынша,  Байден президент мантиясын киюге дайын адамның образын қалыптастыра бастады. Ол коронавирус пандемиясы жайлы хабардар болу үшін экономика және денсаулық сақтау жөніндегі кеңесшілермен кездесіп жүр. Байден жұма күні көзге көп түспегенімен, оның Уилмингтондағы үйінде жеңісті тойлаудың белгілері байқалды. Бірақ Байден сайлаудың ресми нәтижесін күткендіктен, тойлау кейінге шегеріле берді.

Байденнің командасы жұма күні тілшілердің алдына шыққан бұрынғы вице-президент өзінің жеңісін жариялайтын шығар деп үміттенген. Бірақ аздаған тілшінің алдына шыққан Байден қысқа мәлімдемемен шектелді. Дегенмен Байден "сіздердің алдарыңызға ертең шығамын деп үміттенемін" деп қайырыпты.

Ал The Washington Post Трамптың кеңесшілері оған сайлаудағы жеңіліске дайындалуға кеңес бергенін жазады. Жұма күні кешке президент Трамп сайлаудағы нәтиже үшін күресуге уәде етіп, одақтастары мен кеңесшілерін өзін қорғауға шақырған. Трамп әлі де экс-вице-президент Байденді жеңуге мүмкіндігі барын айтқан.

Бірақ The Washington Post соңғы екі күнде Трамптың кеңесшілері президентпен сайлаудағы ықтимал жеңілісті талқылап,  ондай жағдайда не істеу керектігі жайлы кеңес бергенін жазыпты. Дерек көздердің айтуынша, ондай жағдайда Трамп жеңілісін мойындайтын мәлімдеме жасауға дайындалып жатқан жоқ.

Трамптың сайлауалды штабының өкілі басылымға берген сұхбатында "Трамп жеңіліс тапса, ол соңғы бірнеше күнде айтып жүрген сайлаудағы жеңісі ұрланғанын негізсіз мәлімдей беруді жалғастыратын шығар" деген.

The Washington Post Трамптың айналасы екіге бөлінгенін жазады. Отбасы мүшелері кіретін бір топ оның әлі де жеңіске жетуі мүмкін және күресті жалғастыру керек екенін айтса, кеңесшілер мен республикашылардың бір тобы Трамптың сайлауда жеңіліс тапқанына сенімді.

 

 

Байланысты жаналықтар

Алматыдағы сайлау учаскесінде Путинге 8 пайыз ғана дауыс берілген

18.03.2024

Ресейдегі сайлау: Владимир Путин озып кетті   

18.03.2024

Президенттің сайлау жүйесіндегі саяси реформалары жастарға жол ашты

12.11.2023

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

09.10.2023

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

02.10.2023

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

10.08.2023
MalimBlocks
Алматыдағы сайлау учаскесінде Путинге 8 пайыз ғана дауыс берілген

Бұл - Орталық Азиядағы ең төмен көрсеткіш әрі әлемдегі ең төмен нәтижелердің бірі.

Ресейдегі сайлау: Владимир Путин озып кетті   

Жалпы сайлауға сайлаушылардың 74,22 пайызы қатысқан.  

Президенттің сайлау жүйесіндегі саяси реформалары жастарға жол ашты

Қадыров Путинді сайлау өткізбей-ақ президент етуге шақырды

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров келесі жылдың наурыз айына белгіленген Ресей президенті сайлауын өткізбеуге шақырды. Бұл ойын ол Грозный орталығында Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне арналған шарада айтқан.

«Аманат» мүшесі әкім сайлауы әділ өтетініне сенбейді

Алдағы айда өтетін аудан әкімдері сайлауы «Аманат» партиясының берекесін кетіретіндей. Неге десеңіз, қазірдің өзінде «Аманат» партиясының мүшелері сайлаудың әділ болмағына күмән келтіріп жатыр. Жалпы, билік партиясының өкілдері бұрын-соңды сайлауға келгенде әділетсіздік көрмейтін.

Тасмағамбетовтің күйеу баласы АҚШ президентіне пара берген

АҚШ президентінің ТМД елдерінің шенеуніктер мен кәсіпкерлерінен пара алғаны белгілі болды.