Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

10 жыл ішінде химия өнеркәсібіне 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады

Экономика
10 жыл ішінде химия өнеркәсібіне 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады

2035 жылға дейін елдегі химия өнеркәсібін дамытуға 4,8 трлн теңге инвестиция тартылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.

Елдің бай шикізат әлеуеті химия саласында жаңа өндірістерді құруға мүмкіндік береді. Бүгінде химия саласында 49 жоба іске асырылып отыр, — деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр елімізде каустикалық сода өндірісі жақсы дамығанын мысалға келтірді.

Олардың негізгілері мұнай және металлургия саласына қажет химия өнімдерін шығаруға бағытталған. Мысалы, елімізде өндірілетін каустикалық сода негізінен ішкі нарықта пайдаланылады. Жалпы салаға 2035 жылға дейін 4,8 триллион теңге көлемінде инвестиция тарту жоспарланған, — деді ведомство басшысы.

Фото: ortcom.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу