freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"100 мың берсе де, жігіттің ата-анасы өзі шешеді": Әнші Жазира Байырбекова келініне берген қалың мал туралы айтты

Қоғам
"100 мың берсе де, жігіттің ата-анасы өзі шешеді": Әнші Жазира Байырбекова келініне берген қалың мал туралы айтты
Alash.kz коллажы

Белгілі әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында келініне берілген қалың мал көлеміне байланысты туындаған пікірталасқа өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бұл мәселенің қоғамда кеңінен талқылануы өзі үшін күтпеген жағдай болған. Ол құдалар арасында қаржыға қатысты ешқандай талап немесе алдын ала келісім болмағанын ерекше атап өтті.

"Келінімізге берген қалың мал көлемі осыншалықты әңгіме болып кетеді деп ойламадым. Құда-құдағиымызбен арамызда "кім не әкелді, қанша әкелді" деген дүниеге, ақшаға байланысты келісім, ешқандай әңгіме болған жоқ.

Әрқайсымыз сыйлықтарымызды өз қалауымызбен, шын көңілімізбен жасадық. 

Әр ата-ана үшін ұл да, қыз да баға жетпес қой. Сол үшін ақшамен бағалаған дұрыс емес. 100 мың берсе де, 100 млн берсе де, жігіттің ата-анасы өзі шешеді деп ойлаймын.

Қыздың ата-анасының қалың мал сұрағаны, аз берсе, аз бердің деп ренжитіндерді түсіне алмаймын. "Теңін тапса тегін бер" деп бекер айтылмаған", – деп жазды Жазира Байырбекова.

Бұған дейін өнер иесінің той барысында ұлын "балам" деп атай алмайтынын айтып, бұл сөз көпшіліктің назарын аударған еді. Сондай-ақ әнші Кенжебек Жанәбіловтің жұбайы Жәмила Төлегенова әлеуметтік желіде Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова отбасының болашақ келіндері арасындағы туыстық байланысқа қатысты пікір білдірген болатын.

Айта кетейік, Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова – қазақ эстрадасындағы ең танымал әрі көпшілікке үлгі болатын жұптардың бірі. Олар өнердегі жолын студенттік кезеңнен бірге бастап, талай қиындықты еңсеріп, бүгінгі күні тыңдарманның зор құрметіне ие болды. Қос өнер иесі сахнада да, өмірде де үйлесімділікті сақтай білген жарасымды отбасы ретінде кеңінен танымал.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу