freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

105 елдің азаматы Қазақстанға электронды визамен кіре алады

Қоғам
105 елдің азаматы Қазақстанға электронды визамен кіре алады
Pexels

Қазақстанда туризмді дамыту үшін шетелдік қонақтардың елге келуі мен Қазақстанда болу тәртіптері жеңілдетілді. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, негізгі туристік аймақтарда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Туристер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 18 аймақтың көрікті жерлері мен ұлттық саябақтарында туристік полиция бөлімшелері қызмет атқарады. Қызметкерлер шет тілдерін меңгерген. Олар туристерге консультация беріп, заңсыз жеке тасымалдаудың жолын кеседі.

— Бүгінде 105 елдің азаматтары елшіліктерге жүгінбей-ақ, электрондық виза арқылы Қазақстанға кіре алады. Сонымен бірге, IT-мамандарға арналған Digital Nomad Visa және туристерге арналған Neo Nomad Visa беру ұйымдастырылды. Қабылдаушы тарап шетелдік азаматтың келуі туралы хабарламаны онлайн форматта жолдайды, — деп атап өтті Ержан Сәденов.

Сондай-ақ әуежайларда және ірі шекара өткелдерінде QR-коды бар «туристік карталар» беріледі. Онда елімізде болу ережелері, шұғыл қызметтер мен байланыс операторлары туралы қажетті ақпарат орналастырылған.

— Көші-қон қызметтерінің ауқымын кеңейту мақсатында QazETA мобильді қосымшасы әзірленуде. Оның көмегімен шетелдіктер ЖСН алуға және көші қон саласындағы көптеген қызметтерге қол жеткізе алады. Қазір Парламентте тиісті түзетулер қаралып жатыр, — деді сала министрі.

Айта кетейік, Қазақстанның туристік орындарына апаратын жолдар жөндеуден өтіп жатыр. Биыл Алматы-Өскемен жолындағы жұмыстар аяқталып, жол жүру уақыты 4 сағатқа қысқарған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу