Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қоғам
13 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Баяу жылжитын антициклон салдарынан еліміздің барлық аумағында күн жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.


Солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, елдің орталығында фронталды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, шығыста найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстік-шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Pixabay      

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу