Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

2 мыңнан астам қазақстандық ұлтын өзгертуге шешім қабылдаған

Қоғам
2 мыңнан астам қазақстандық ұлтын өзгертуге шешім қабылдаған

Қазақстанда биыл 2 мыңнан астам азамат өз ұлтын өзгерту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп.  


ІІМ-нің деректеріне сүйенген DataHub телеграм арнасы қаңтар - қыркүйек айларындағы статистикалық деректерді жариялаған.  

Паспорт пен жеке куәлігіндегі ұлт атауын өзгертуге 2272 өтініш рәсімделген. Әрбір өтініш әдетте бір адамға тиесілі болғандықтан, бұл көрсеткіш нақты азаматтар санын білдіреді.

Есепке сәйкес, жыл басынан бері апта сайын орта есеппен 58 қазақстандық ұлтын өзгертуге шешім қабылдаған. Оның ішінде ең көп өтініш Алматы қаласында тіркелген. Мұнда әр 10 мың тұрғынға шаққанда 2,5 өтініштен, ал Астанада 2 өтініштен келеді.

Фото: Pexels

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу