Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

20 жастағы жігіт Алматы тауларында жоғалып кетті

Оқиға
20 жастағы жігіт Алматы тауларында жоғалып кетті

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті. Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, 27 шілде күні сағат 23:02–де Медеу ауданында іздестіру-құтқару операциясы басталған.


Ол таңертең тауға шығып, бірақ қайтып оралмаған. Жігіт тауда жүргенде жаңбыр мен бұршақ жауып, 4000 метр биіктікте қар түскені белгілі.

Іздестіру жұмыстары 4147 метр биіктіктегі «Жастар» шыңының маңында басталды. Операцияға «Медеу» құтқару бекетінен Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары және «Тұйық-Су» бақылау-құтқару пунктінің құтқарушылары жұмылдырылды. «Жастар», Титова және Т1 шыңдары тексерілген, алайда жігіт табылмады, - деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта Мыңжылқы шатқалында жедел штаб құрылған, іздестіру жұмыстары дрон және иісшіл иттер арқылы жүріп жатыр.

«Қазавиақұтқару» тікұшағы ұшуға дайын болғанымен, ауа райының қолайсыздығы — 1800 метрден жоғары бұлт, найзағай және секундына 20 метрге дейін жететін жел әуе көлігінің көтерілуіне кедергі келтіріп отыр, - деп мәлімдеді ТЖД.

Фото: Үкімет 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу