Башқұртстанда дәрігерлер тік ішегіне мандарин тұрып қалған ер адамға көмек көрсетті, деп хабарлайды "Осторожно, новости".
Оқиға Башқұртстанның Мелеуз қаласында болған. 32 жастағы ер адам жаңа жылды достарымен бірге атап өтіп, алкогольдік мас күйінде жүрген кезде мерекелік жемісті тік ішегіне салып көруге шешім қабылдаған. Мандариннің бірін өзі шығарып үлгергенімен, екіншісі іште қалып қойған.
Біраз уақыттан кейін ер адам ауырсынуды сезініп, дәрігерлерге жүгінген.
"Өз әрекетінің себебін нақты түсіндіріп бере алмады", – делінген хабарламада.
Медицина қызметкерлері бөгде затты науқастың өз пәтерінде-ақ алып тастаған, хирургиялық операция қажет болмаған. Дәрігерлер оған тынығуды ұсынып, егер қан кету байқалса, қайтадан медициналық көмекке жүгінуді ескерткен.