freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«7 трлн теңге дауы»: Ұлттық банк төрағасы орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді

Қоғам
«7 трлн теңге дауы»: Ұлттық банк төрағасы орынбасарының жұмыстан кетуіне қатысты пікір білдірді
Ұлттық банк

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өзінің орынбасары Берік Шолпанқұловтың қызметтен кетуіне қатысты БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берді. Журналистер бұл отставканың Шолпанқұловтың көрші елден Қазақстан арқылы шетелге жөнелтілген 7 трлн теңге туралы даулы пікірімен байланысы бар ма деп сұрады. Бұл туралы Malim.kz хабарлайды.  

Ұлттық банк басшысының айтуынша, орынбасары ешқандай қысымсыз, өз қалауымен кеткен.

«Берік Шолпанқұлов өз еркімен арыз берді, яғни берілген өтінішке сәйкес жұмыстан кетті. Бұған қосарым жоқ», — деді Тимур Сүлейменов брифинг барысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық банктердің бірі көрші елден 7 трлн теңгеден астам қаражатты шетелге шығаруға көмектескенін айтқан болатын. Осыдан кейін Шолпанқұлов бұл соманың жай ғана «жалпы айналым» екенін және алдын ала тексеріс заң бұзушылықтарды анықтамағанын мәлімдеген еді. Арада бір күн өткенде ол қызметінен босатылды.

Қазіргі уақытта аталған банктің қызметіне қатысты тексеріс жалғасуда. Сүлейменов тексерісті Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) жүргізіп жатқанын, сондықтан нақты қорытынды шығару әлі ерте екенін атап өтті.

Еске салайық, осы мәселеге қатысты Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров пікір білдірген еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу