Дүйсенбі, 9 маусым күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Кей жерлерде бұршақ жауып, жел екпіні күшеюі мүмкін. Шығыс өңірлерде жауын-шашынның мол түсуі күтіледі. Ал солтүстікте түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Бұдан бөлек, бірнеше аймақта өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Әсіресе Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Ақтөбе және Алматы облыстарында өрт шығу қаупі өте жоғары.
Фото: freepik.com