Симферополь қаласында 9 жасар бала өз анасының қолынан қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел баласын тамақ сұрап, мазасын алғаны үшін тұншықтырған, деп хабарлайды Malim.kz.
Көршілердің айтуынша, соңғы уақытта күдікті әйел қатты өзгеріп, жүдеп кеткен. Марқұм бала мектепте жақсы оқыған, жергілікті тұрғындар оған көмектесіп, тамақ және киім беріп жүрген. Соңғы аптада анасы азаматтық некедегі күйеуіне жиі хабарласып, баласына шағымдана бастаған. Тіпті «өлтіріп тастаймын» деп қорқытқан екен.
Оқиға болар алдында бала өзі өгей әкесіне телефон соғып, көмек сұраған. Ер адам үйге жеткенде, бала жансыз күйде жатқан. Әйел баланың денесін шанышқымен тығып көріп, тірі-тірі еместігін тексергені айтылады.
Бұған дейін күдікті әйел психиатриялық диспансерден шыққан. Қазір ол қайтадан ауруханаға жатқызылды.
Трагедия болған үйдің видеосы желіде тарады. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр.