2025 жылғы 20 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 120 ардагері және соғыс жеңісіне үлес қосқан 42 545 азамат тұрады, деп хабарлайды Malim.kz.
Олардың ішінде:
Ленинград блокадасының тұрғындары – 67 адам;
кәмелетке толмаған бұрынғы концлагерь тұтқындары – 139 адам;
ҰОС кезінде жаралану, контузия алу немесе ауру салдарынан мүгедек болып қайтыс болғандардың жұбайлары – 743 адам;
соғыста қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің жесірлері – 2 адам;
тыл еңбеккерлері – 41 594 адам.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 80 жылдық Жеңіс күніне орай ҰОС 120 ардагеріне 5 млн теңгеден төленетінін хабарлады.
Фото: zakon.kz