Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аббас Аракчи: Иран ядролық бағдарламадан бас тартпайды

Әлем
Аббас Аракчи: Иран ядролық бағдарламадан бас тартпайды

Иран Израильмен соғыстан кейін де ядролық бағдарламасынан бас тартпайды. Бұл туралы Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Al-Araby al-Jadeed басылымына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Report.

Аракчидің айтуынша, Израильмен 12 күнге жалғасқан қақтығыстан кейін Тегеран бұрынғыдан да батыл қадамға баруға бел буды.

Біз бұл технологияға орасан зор қаржы мен күш жұмсадық. Ғалымдарымыз қаза тапты, халқымыз санкцияларға төзіп келеді, бізге соғыс та ашылды. Иранда ешкім бұл бағдарламадан бас тартпайды. Ол әрқашан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бақылауында болды, — деді Аракчи.

Айта кетейік, бұған дейін Масуд Пезешкиан «Израиль бітім шартын сақтаса, Иран да оны бұзбайтынын» мәлімдеген болатын.

Фото: Report

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу