Бұл туралы композитор, «Желтоқсан желі» әнінің авторы Әбдірбек Тінәлиев Ara Media YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
«Кешіріңіздер, болмайды екен», деді. «Неге болмайды?» дедім. «Менің бала-шағам бар ғой, бауырларым-ау. Сіздерге енді беру керек, ал маған бала-шағамды асырау керек. Бере алмаймын. Ішінде “Желтоқсан” деген сөз екен», деп жауап берді», — деді композитор сұхбатында.
Бұған дейін Тінәлиев “Азаттық” радиосына берген сұхбатында ән тарихы туралы толық баяндаған еді.
«Желтоқсан желі» Алматының қақ ортасындағы алаңдағы қанды қырғын болған үш күннің екінші күні, яғни 1986 жылдың 17 желтоқсаны күні жазылды. Ол кезде мен Жамбылда тұратын едім, сол себепті алаңда бола алмадым.
Бізді Алматыға жібермеді, ол кезде еш рұқсат болмады, сол себепті біз қапалы күйде үйімізде отырдық, сол үшін әлдекімдерге ренжідік... сол кезде туған ән еді бұл, ақын Әбдірахман Асылбеков ағамызды тауып алып, әлгі әнге сөз жазғыздық.
Содан кейін Алматыға келіп, әнімізді Қазақ радиосының студиясында жазғыздық, бірақ әуе толқынынан беруге рұқсат етілмеді. Сол жылдарда «Желтоқсан желі» әні ең алғаш Азаттық радиосы арқылы халыққа жетіп еді.
Қазақ радиосы Колбин «көкеміз» кеткенше бұл әнді эфирге шығарған жоқ, ал Азаттық радиосы бұл әннің тұсауын кесіп, тыңдарманға ұсынған болатын,-дейді композитор.