Ақын Жарасқан Әбдірәштің өлеңдері

Жарасқан Әбдіраш 1948жылы 7 наурызда Қызылорда облысы Арал ауданы Аманөткел ауылында туған. 2001 жылы Алматыда қайтыс болды. Белгілі ақын, публицист. Бірнеше жыр жинағының авторы. Әлем ақындарының өлеңдерін қазақша сөйлеткен аудармашы. Өз буынында ерекше дарынымен көзге түскен сөз зергері.

Malim Админ

  • 28.09.2024

НҮКТЕ

Жолықтым саған, оңымнан самал ескен-ді,
Қорықтым содан, биіктеу екен мәртебең.
Ұмыттым бәрін, ұмыттым шулы кештерді,
Ұмытылды бүкіл жарты әлем.

Махаббат шіркін осынша жаным тез бе еді,
Күркіреп күндей өте шықты ғой көктемім.
Бейкүнә менің жанымда тұрып, өзгені,
Армандағаның не еткенің?

Сол бір досты енді менен де гөрі жақын қыл,
Мөлдір кештерді еске алып бұзба ойыңды.
Жатақханаңа жетектеп апаратын кіл,
Жолыма нүкте қойылды.

 

ЕЛІК ҚЫЗ

Көңілдімін бұл күнде мен,
Көзің-мөлдір аспаным.
Жалт қаратып күлкіңменен,
Жарасады-ау қашқаның.

Тоқта! – деймін, - баласың ба?!
Ұғынғандай кінәсін.
Жасыл шалғын арасында,
Жайраң қағып тұрасың.

Қуам келіп көрікті, шат,
Көбелегі арманның.
Шалынасың елік құсап,
Тасасынан талдардың.

Жетем ұшып ту алыстан,
Басылғандай лапылдап.
Ал, жүрегім қуаныштан,
Жарылуға жақын қап.

 

МҰҢАЙМА

Сен мұңайма, қуанайын мен дағы,
Сені сезім, мені көзің алдады.
Тек біз емес адастырған талайды,
Бұл тағдырдың айқыш-ұйқыш жолдары.

Өмір бізді жолықтырды, байытты,
Желіктірді, болдық бүгін байыпты.
Кінәлама өзіңді де мені де,
Біздің бұған жастығымыз айыпты.

Жүрегіңді шайлықтырып, жасқантып,
Алдың рас, демеймін күл, тас, шалқып.
Бірақтағы қала көрме қапыда,
Қарсы келген бақытыңнан бас тартып.
 

Байланысты жаналықтар

«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

02.04.2025

Рысбек Зұрғанбайұлы. Өлім алдындағы өтініш 

24.03.2025

Ақырзаманның алғашқы күні

03.03.2025

Қасым іздеген, Дәриға, сол қыз...

02.03.2025

Ақын Серікбол Хасан өлеңдері

01.03.2025

Ақын Арман Әділбек өлеңдері

26.02.2025
MalimBlocks
«Басы жаншылған, шынтағы жоқ». Таразда экс-полицейді азаптап өлтірген

Рысбек Зұрғанбайұлы. Өлім алдындағы өтініш 

Ақырзаманның алғашқы күні

Жуырда қайтыс болған қас суреткер Мұхтар Мағауиннің Соңғы жазбасы. Ол Дональд Трамптың Президент болып сайлануы туралы өз пікірін білдірген.

Қасым іздеген, Дәриға, сол қыз...

Ақын Серікбол Хасан өлеңдері

Ақын Арман Әділбек өлеңдері