freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аяз келе жатыр: Елдің басым бөлігінде 37 градус суық болады

Қоғам
Аяз келе жатыр: Елдің басым бөлігінде 37 градус суық болады
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей уақыттарда қалың қар түседі.

Оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады. Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

«Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы (ЕТР) аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10-22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17-25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0-8 градус аязға дейін төмендейді.

23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25-37 градусқа дейін аяз күтіледі», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу