Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аймағамбетов Жұмағұлов пен Сағадиевтің университеті жайлы айтты

Мәдениет
Аймағамбетов Жұмағұлов пен Сағадиевтің университеті жайлы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ Азаттық радиосының «Қазақстандағы университеттер кімнің меншігі?» атты зертету материалына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Мalim.kz сайты хабарлайды.

«БАҚ-та зерттеу материалдардың шыққаны қуантады. Жасыратыны жоқ мен ол материалды көріп шықтым. Бірақ оған пікір және қандайда бір баға бере алмаймын. Өйткені ол білім мекемелері бұған дейін жұмыс жасап келген. Ол жерлерде қаншалықты сапалы білім беріліп жатыр деген мәселеге мән беруіміз керек. Жалпы, білімге инвестиция келгені жақсы. Балабақша, мектеп, колледж, университеттің ашылғаны дұрыс. Бірақ бастысы білім сапасы», - деді министр Аймағамбетов.

Азаттық радиосының журналисі Манас ҚАЙЫРТАЙҰЛЫНЫҢ зерттеу материалында елдегі 130 жуық оқу орындарының иелері жайлы айтылады. Мәселен, білім және ғылым министрі болған Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВТТЫҢ әйелі Валентина ЖҰМАҒҰЛОВАНЫҢ меншігінде Қазақстан инженерлік технологиялық университет болса, ұлы Руслан ЖҰМАҒҰЛОВ аталған университеттің колледжіне иелік етеді екен. Сондай-ақ, сенатордың қызы Алина ЖҰМАҒҰЛОВА да осы салада екен. Білім және ғылым министрлігінде жауапты қызметте болған Серік ПІРӘЛИЕВТІҢ отбасында жиырмаға жуық оқу орыны бар екен. Тізім осылай кете береді.

Айтпақшы, министр Аймағамбетов өз пікірін орталық коммуникациялар қызметінде ҚР білім және ғылым министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қорытындысында айтты.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу