Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашты

Оқиға
Әкесінің көлігін айдап кеткен жасөспірім полициядан қашты

14 наурыз түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары Hyundai Sonata автокөлігін жас бала жүргізіп бара жатқанын байқаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлар жасап, бой тасаламақ болған. 

Жолдың басқа қатысушыларына қауіп төндірмес үшін құқық бұзушыны бірнеше экипаж қоршап тоқтатуға тура келді. 

Тексеру барысында оның кәмелетке толмағаны және автокөліктің әкесіне тиесілі екені анықталды. 

Жасөспірімнің заңды өкілі шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.
Фото: istockphoto.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу