Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әкімдік “Алматы әкімінің кортежіне” түсініктеме берді

Қоғам
Әкімдік “Алматы әкімінің кортежіне” түсініктеме берді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде қызу талқыланған таудағы қара түсті көліктер тізбегінің видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде полицей көлігімен бірге таулы жолмен кетіп бара жатқан бірнеше қара көліктен тұратын кортеждің видеосы тараған болатын. Видеодағы көліктердің Алматы қаласының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны алып жүргені айтылған.

Алайда, 2 маусым, дүйсенбі күні Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде тараған, таулы аумақта жолмен қозғалған кортеждегі автокөліктердің бірінде Алматы қаласының әкімі болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға кеңес береміз», — делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ, әкімдік өкілдері Алматы әкімі жұмыс сапарымен шыққан кезде көлік қозғалысы шектелмейтінін атап өтті.

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу