freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Актер Жан Байжанбаевтың киностудиясына қатысты тергеу жүргізілуде

Құқық
Актер Жан Байжанбаевтың киностудиясына қатысты тергеу жүргізілуде
instagram.com/zhan_baizhanbayev

Алматыда Jan Production жекеменшік киностудиясына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. 

Тергеудің басталуына балаларын қомақты қаржы төлеп кастингке қатыстырған ата-аналардың арызы себеп болған. Олардың айтуынша, кастинг үшін миллиондар төленсе де, киножоба жүзеге асырылмаған.

Бұл бастама былтыр әлеуметтік желілердегі жарнамадан кейін кеңінен танылды.

Бейнероликтерде қазақстандық актерлер балаларды бірегей киножобаға шақырды.

Қатысушыларға кино түсу, кинотеатрдағы премьера және лимузинмен серуендеу уәде етілді.

Сол кезде ата-аналардың бірі түсірілімге қатысу үшін 1,5 млн теңгеге дейін қаражат сұралып жатқанын айтып, оның қаупі туралы ашық ескерткен болатын.

Кейінірек есімі студия атауымен байланыстырылған қазақстандық актер Жан Байжанбаев компанияның иесі немесе негіз қалаушылардың бірі емес екенін, сондай-ақ кастингтерді ұйымдастыруға қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, аталған жобалармен тек актер ретінде жұмыс істеп, амбассадор ретінде өнер көрсеткен. Ал компания атауын оның шығармашылығын ұнататын киностудия иесі таңдаған.

Алматы қаласының полиция департаменті аталған дерек бойынша «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта тергеушілер студия басшылығы мен қызметкерлерінен жауап алуға кіріскен. Алдын ала мәліметтер бойынша жүзге жуық адам Бостандық аудандық полиция басқармасына арыз түсіруге ниетті. Егер ұйымдастырушылардың кінәсі дәлелденсе, компания басшысы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу