15–17 қаңтар аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының төмендейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Метеорологиялық болжамға сәйкес, ел аумағындағы ауа райына жаңа антициклон әсер етеді. Атап айтқанда республика бойынша температураның күрт төмендеуіне себеп болады.
15 қаңтарда солтүстік пен шығыс өңірлерінде түнгі ауа температурасы -30…-40°С дейін төмендейді. Ал оңтүстік аймақтарда түнгі температура -5…-13°С, оңтүстік-шығыста -8…-17°С, таулы аудандарда -20…-25°С шамасында болады.
Сонымен қатар 15–16 қаңтарда Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады.
16–17 қаңтарда оңтүстік-шығыс өңірлерде қалың қар жауып, боран, тұман және көктайғақ күтіледі.