Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Спорт
Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Бокстан жастар арасында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан үй жағдайында дене жаттығуын қалай жасап жүргенін көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал жас боксшы үй жағдайында мал шаруашылығында жұмыс істеп, қи ойып, қара күш жинайтынын атады. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, жанкүйерлерін қызықтырып қойды.

"Қайдағы Америка? Үйдеміз! Күшке жұмыс істеп жатырмыз", - деп жазды боксшы Instagram-да.

Жария болған бейнежазбада оның қорада қалың қабатқа айналған қиды ойып жатқаны анық көрінеді. Осылайша үйге қолғабыс етумен қатар, ол қара күшті жинайтынын жеткізді.

Төрехан Сабырхан ақпан айында Болгарияның София қаласында өткен "Странджа" халықаралық турнирінде 67 келіде чемпион атанған болатын. Финалдық жекпе-жекте Сабырхан өзбекстандық Мұхамадазизбек Исмаиловпен кездесіп, сенімді түрде жеңіске жетті.

Осылайша, ол тек чемпион атанып қана қоймай, турнирдің "Ең үздік боксшысы" атағын иеленді. Сондай-ақ ол 5 сәуірде кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Battle of the Brave бокс кешінде жас боксшы қарсыласын үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, кәсіби мансабын оң нәтижемен бастады.

Фото: ҚБФ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу