АҚШ-пен келіссөздерге Ресей тарапынан кім қатысады?

Арман Қайыпхан

  • 17.02.2025

«Forbes» басылымының жазуынша, Ресей президенті Владимир Путин алда болатын келіссөздерге «аса ауыр салмақтағы» саяси кадрлерден команда жасақтап жатыр.

Басылым дерегінше Ресей келіссөзшілерінің құрамы былай:

Юрий Ушаков – Ресейдегі кәрісүйек саясаткерлердің бірі. Жасы – 77-де. Ресейбасы Путиннің ескі досы әрі РФ Президентінің көмекшісі. Кремльдің сыртқы саясат мәселелеріне жауапты тұлға. 10 жыл АҚШ-та елші болған. Ресей Сыртқы істер министрлігін басқарған адам.

Сергей Нарышкин – Ресейдің Сыртқы барлауын басқарады. Нарышкин де жас емес. 70-тен асып барады. Президент Путинмен 80-ші жылдары КГБ-да қызметте жүріп танысқан. Содан бері бірелі ажырамай келеді.

Кирилл Дмитриев – РФ Тікелей инвестиция қорының басшысы. Ресейлік келіссөзшілердің ішіндегі ең жасы осы (49-да). Өзі Киевтің тумасы.

«Стэнфорд пен Гарвардта білім алған қаржыгер Дмитриевке келетін болсақ, ол келіссөздерде «бейресми байланыс арнасы» ретінде маңызды рөл атқара алады», - деп жазады «Bloomberg». 

Сергей Лавров – Ресейдің СІМ басшысы. 74 жастағы бұл Сергей Ресей саясаткерлерінің ішіндегі ең мәшһүрі. Ол Ресей Сыртқы істер министрлігін басқарған жылдары Ресейде 8 премьер-министр ауысқан екен. Ол Ресей СІМ-ін 2004 жылдан бері тізгіндеп келеді.

Сарапшы Нұргелді Әбдіғанидің айтуынша, бұл тізімдегі Ушаков пен Нарышкин 2022 жылы соғыс басталғаннан кейінгі алғашқы келіссөздерге қатысқан. 

АҚШ келіссөзшілерінің құрамында Мемлекеттік Хатшы Марко Рубионың, ЦРУ директоры Джон Рэтклиффтің, Ұлттық қауіпсіздік бойынша кеңесші Майкл Уолтцтың және арнайы өкіл Стив Уиткофф аттары аталады. Сондай-ақ, аталған кездесуге АҚШ-тың Украина-Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог те қатысуы мүмкін деп күтіледі. Әзірге Украинадан келіссөзшілер құрамында кімдер болатыны ашық айтылмады, - дейді сарапшы.

Иллюстрация: vchal/istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

16.04.2025

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

16.04.2025

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

16.04.2025

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

16.04.2025

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

15.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025
MalimBlocks
Украинада мобилизация мерзімі тағы ұзартылды

Байден биліктен кеткеннен кейін Трамптың саясатын алғаш рет сынады

Зеленский: Түркияда Қара теңіздегі қауіпсіздік келіссөзі жүргізіледі

Бәрі сотталады: шетелдегі соғыстарға қанша қазақстандық қатысқан?

1 сәуірде желіде Украинаға қарсы соғысқа қатысқан 660-тан аса қазақстандықтың аты-жөні бар тізім пайда болды. ҚР ІІМ бұл ақпарат расталмағанын айтып, тексеруді талап ететінін мәлімдеді. Tengrinews.kz редакциясы бұл мәселе бойынша ашық деректерді зерттеген

Ақ үй БҰҰ мен НАТО-ны қаржыландыруды тоқтатуды ұсынды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады