Асад қашты. Ол қазір қайда?

Malim Админ

  • 08.12.2024

Ресей тағы сатып кетті

Сириядағы Асадқа қарсы күштер 27 қарашада Асадқа қарсы соғыс ашып, аз күнде Дамашықтың қақпасына дейін жеткен.

“Хаят Тахрир аш-Шам” бастаған Асадқа қарсы әскер Идлибтен бастап, Халеб (Алеппо), Хама, Хомс секілді маңызды қалаларды алды. Кейбірінде ұрыстар әлі жалғасуда. Ал бүгін оппозициялық күштер Дамашықтың қақпасын қаққанда, Асад әскері камуфляждарын шешті. Оппозиция Асад резиденциясына дейін жеткені айтылады.

Бұл шайқаста Асад әскері қарсылас бола алмады. Көп жерде Иран мен Ресейден алған әскери техникаларды бүтіндей тастап қашты. Оппозициялық әскер бомбалаушы ұшақтар мен танктерді, БМП-ларды олжалады. Ұзын-саны 400-ге тақау техника.

Ресей тағы сөзінен тайды 

Соғыстың алғашқы күндері Асад жанталасып Мәскеуге ұшқан. Ресей азды-кем көмек ұсынғанымен, жарытпады. Бірлі-жарым позицияға ұшақтармен соққы жасап көрді. Бірақ, ресурс жеткіліксіз еді. 

Ал Ресей СІМ-і Лавров бүгін Асадқа қарсы әскерді “Заңды оппозиция” деп атап, олармен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты.

Иран көмектесе алмады 

Ираннан көмек сұрады. Иран ұзын-саны 2 мыңдай сарбаз жіберген. Кейін Иранның Ливандағы талқандалған проксиі “Хезболла” жасақ жібергенін айтқан. Олар да Асадқа араша бола алмады. 

Ақырында Ресей мен Иран Сириядағы әскери күштер басшылары мен дипломаттарын эвакуациялады. 

Барлығы Асадқа қарсы 

Сириядағы АҚШ қаржыландыратын әскери құрылымдық топтар мен Күрдтер ақырғы сәт таяғанда Асадқа қарсы фронт ашты.

Ердоған: Асад біздің көмекті керек етпеді 

Түркия президенті Ердоған: “Біз Асадқа жағдайды оң шешу үшін көмек ұсындық. Бірақ ол жауап бермеді. Әрине, оппозициялық күштер Дамашыққа жетеді”, - деді.

Әл-Жолани: Біз Асадты құлатамыз 

“Хаят Тахрир аш-Шам” лидері Әбу Мұхаммед әл-Жолани сұхбат беріп: “Біздің ақырғы межеміз - Дамашық! Мақсатымыз - Асад режимін құлату. Біз осы мақсатқа жету үшін қолда бар барлық құралдарды пайдалануға құқылымыз. Режимнің жеңілуінің дәнегі әрқашан оның ішінде болды... Ирандықтар уақыт ұту арқылы режимді жандандыруға талпынды, кейіннен орыстар да қолдау көрсетуге тырысты. Бірақ шындығы сол - бұл режим өлді! Сирия бір билеуші ерікті шешімдер қабылдайтын жүйеге емес, институционалдық басқару жүйесіне лайық”, - деді.

Асад қашты 

Түрік БАҚ-тары: “Башар Асад отбасын ертіп, Абу-Дабиге қашып кетті”, - деп хабарлады.

Сенбі күні Асад халыққа үндеу жасайды деп хабарланған. Бірақ, ол уәделі уақытта эфирге шықпады. Үндеуді Асадтың орнына Сирия Қарулы Күштерінің қолбасшысы жасады. Ол оппозициялық күштермен күрес жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Осының өзі Асад режимінің құлағанын білдірсе керек.

Асад қайда қашты: Абу-Дабиге әлде Тегеранға ма?

Иран Асад қашты деген сөзді “жалған қауесет” деп атады.

CNN: “Асад қазір Дамашықта жоқ. Оның қайда екені белгісіз”, - деп жазады.

Ал Bloomberg: “Асад Тегеранға қашты. Ол қазіргі қалған жерді өзінде сақтау үшін оппозициядан келіссөзге келуді сұрауда. Сондай-ақ жаңа Конституция қабылдауға даяр”, - деп жазды.

Автор: Нұргелді Әбдіғани, журналист, әскери сарапшы

Фото: BBC

 

Байланысты жаналықтар

Израиль Газадағы операциясын айтарлықтай кеңейтіп жатыр

02.04.2025

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

02.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

28.03.2025

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

27.03.2025

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

24.03.2025
MalimBlocks
Израиль Газадағы операциясын айтарлықтай кеңейтіп жатыр

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

Украина мәліметінше, Ресей жағында 600-ден астам Қазақстан азаматы соғысып жүр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл деректердің дәлдігін растаған жоқ

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

Ресей Украинаға қаза тапқан 909 сарбаздың денесін қайтарды

Ол жақында өледі, мұнымен бәрі бітеді - Зеленский Путин туралы

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің мақсаттары мен қорқыныштары туралы айтты

АҚШ-пен келіссөздер нәтижелі болды - Умеров

Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровтың айтуынша, Сауд Арабиясында өткен кездесуде екі елдің делегациялары маңызды мәселелерді талқылады