Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді

Қазақстан делегациясын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барады.

  • 29.04.2024

29-30 сәуірде Ыстанбұл қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының Аға лауазымды тұлғалары комитетінің кезекті 43-ші отырысы өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Кездесуде 2023 жылғы 3 қарашада Астанада өткен ұйымның 10-шы саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, осы жазда Әзербайжанда жоспарланып отырған ұйымның бейресми саммиті және 2024 жылғы қазанда Қырғызстанда жоспарланып отырған ұйымның кезекті 11-ші саммиті бойынша дайындық жұмыстары, сондай-ақ ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша өзекті мәселелері қарастырылады, — деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.

Сондай-ақ 30 сәуірде Баку қаласында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің 1-ші отырысы өтеді. Кеңес құрамына Қорға мүше елдердің Мәдениет министрлері кіреді.

Қазақстан делегациясын Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барады.

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры 2012 жылғы 23 тамызда құрылған және Түркі мемлекеттері ұйымының еншілес құрылымдық бөлімшесі.

Қордың негізгі міндеттері — түрлі іс-шараларды, жобалар мен бағдарламаларды қолдау және қаржыландыру арқылы түркі мәдениеті мен мұрасын қорғау, зерделеу және ілгерілету.

Отырыста қор қызметі бойынша мәселелер, сондай-ақ 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасы талқыланады.

Фото: Inform.kz

Байланысты жаналықтар

Президенттер саммитте бірнеше құжатқа қол қойды

21.05.2025

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Тоқаев Мажарстанға барады

19.05.2025

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

08.05.2025

Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінеде қандай мәселелер көтерді?

04.04.2025
MalimBlocks
Президенттер саммитте бірнеше құжатқа қол қойды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Тоқаев Мажарстанға барады

Әзербайжан президенті 9 мамырда Мәскеуге бармайтын болды

Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінеде қандай мәселелер көтерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысты