457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Беларусь Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді

Беларусь билігі Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуін өткізуге дайын. Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонт «Ведомости» газетіне мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.


Беларусь делдал болуға ұмтылып отырған жоқ және ұмтылмайды да. Бірақ бұл бауырлас республикадағы бейбітшілік үшін қажет болса, біз кез келген кездесуді ұйымдастыруға дайынбыз. Және мұны ең жоғары деңгейде өткіземіз. Алайда, бұл тақырып Беларусь президентінің америкалық әріптесімен телефон арқылы сөйлесуі барысында талқыланған жоқ, – деді Эйсмонт.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда Владимир Зеленскиймен және бірқатар еуропалық елдердің басшыларымен кездесу өткізген болатын.

Кейін америкалық көшбасшы Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалды.

РФ президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Ресей мен АҚШ басшылары Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей консультацияларды жалғастыруды қолдады, сондай-ақ олардың деңгейін арттыру мүмкіндігі қарастырылды.

Фото: видеодан алынған скрин