457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ердоған Аляска саммиті мен Украинадағы соғыс туралы айтты

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің Аляскада өткен келіссөздері туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.


Президент Ердоған бұл мәселе туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  

АҚШ президенті Трамп пен Ресей президенті Путиннің Аляскадағы келіссөздері Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жолдарын іздеуге жаңа серпін берді. Біз Аляска саммитін құптаймыз және Украина президенті Зеленскийді қамтитын бұл жаңа процесс тұрақты бейбітшіліктің негізін қалайды деп үміттенеміз, - деді Түркия президенті. 

Президент Ердоған Түркияның Украина жерінде бейбітшілік орнату үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. 

Фото: aa.com.tr/