Ескі һәм жаңа соғыс: Алеппо үшін шайқас…

Ливандағы соғыстың келісім сұлбасы енді-енді көріне бастаған секілді еді. Израиль мен “Хезболла” бітімге кеп, “ХАМАС” та ұрысты тоқтату туралы араша сұрағандай әңгімелер айтыла бастаған еді…

Malim Админ

  • 29.11.2024

Сөйткенде, Таяу Шығыста “жаңа соғыс” басталып кетті. Әсілі бұл қаны қата бастаған ескі жара еді…

Сирияның Асад режиміне қарсы, антиүкіметтік әскери құрылымдары ұрысқа шықты. “Хаят Тахрир аш-Шам” дейтін топ бастап, өзге де топтар қостаған.

Ұрыс Сирияның ірі шаһарларының бірі саналатын Алепподан басталған. Қазір антиүкіметтік топтар әскері ентелеп басып, екпіндеп соғып келеді. Қазірге дейін оннан аса елдімекенді, бірсыпыра маңызды ұрыс позицияларын, стратегиялық нүктелерді бағындырған. Тіпті, Алеппо мен Дамашықты жалғайтын жол да Асадқа қарсы күштердің бақылауына өткен.

Бұл Сирияда тұтанып жатқан 2020 жылдан бергі алғашқы ауқымды ұрыс.

Жасырары жоқ, Асад әскері ұйқыда. Қозғалысы тым сылбыр. Кей позициялардан тым-тырақай қашып жатқаны да жария болып үлгерді. Қысқаша: Қарсыласуға мүлде қауқарсыз күйде. Ал антиүкіметтік күштер әскері қарқын үстіне қарқын қосуда.

Осы ұрыстар кезінде Асад армиясы жағында жүрген Ирандық ИРСК генералы, Асад армиясының әскери кеңесшісі Киюмарс Пурхашемидің көзі жойылған.

Ал Сирия басшысы Башар Асад едел-жедел Мәскеуге ұшып кеткен. Көмек сұрау үшін, кеңес тыңдау үшін,-дейді ұзынқұлақ.

Антиүкіметтік күштердің әскер бастап, ұрысқа шығуына басты себептердің бірсыпырасы мынау: 

1) Израильдің “Хезболланы” талқандауы;

2) Ресей әскерінің едәуір бөлігін Сириядан алып кетіп, Украина майданына салуы.

Маңызды: Осы шайқастар кезінде Асад режимін қорғаушы “Вагнер” ЖӘК-тің оншақты жалдамалы жендетінің көзі жойылған. Асадқа қарсы әскер Ресей қарулары мен техникаларын олжалаған. 

Антиүкіметтік жасақтар өздеріне бағындырылған аумақтардағы Асад портреттері мен Ресей символикаларын жыртып тастап жатыр.

Антиүкіметтік күштер: “Асад режимін қолдаушы Ресей мен Иран біздің дұшпанымыз”, - дейді. 

Айта кетейік, Түркия Асад режиміне қарсы күресуші құрылымдардың кейбірін ашық, кейбірін жасырын қолдайды. Олар Түркияның проксилері саналады.

Ендеше біз Сириядағы соғыстарға қатысты ақпараттарды назарда ұстаймыз

https://t.me/usbanov

Фото: © РИА Новости / Михаил Алаеддин

Байланысты жаналықтар

АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

11.01.2025

Ресейдегі жол апатынан 7 қазақстандық зардап шегіп, тағы екеуі қаза тапты

07.01.2025

Минск: Зеленский өтірік айтады, Лукашенко кешірім сұраған жоқ

06.01.2025

Қазақстан орташа жалақы көлемінен Ресейден озып тұр

06.01.2025

Украина мен Ресей бір-бірін дрондармен атқылады

04.01.2025

Путин ұшақ апаты үшін Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады

28.12.2024
MalimBlocks
АҚШ Ресейдің мұнай өнеркәсібіне қарсы ең қатаң санкцияларын енгізді

Бұл Ресейдің мұнай экспортын айтарлықтай қиындатуы мүмкін

Ресейдегі жол апатынан 7 қазақстандық зардап шегіп, тағы екеуі қаза тапты

Оларды ТЖМ арнай автоколоннамен елге жеткізді

Минск: Зеленский өтірік айтады, Лукашенко кешірім сұраған жоқ

Қазақстан орташа жалақы көлемінен Ресейден озып тұр

Дегенмен Балтық жағалауы елдерінен әлдеқайда арттамыз

Украина мен Ресей бір-бірін дрондармен атқылады

Ресейдің бірнеше қаласында ұшақтар сапары шектелген

Путин ұшақ апаты үшін Ильхам Әлиевтен кешірім сұрады

Ресейдің Тергеу комитеті осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғаған